A place where you need to follow for what happening in world cup

Меценаттардан көмек жетті

184

Науқастарға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жақсарту мақсатында аудандағы медициналық мекемелерге меценаттардан кезекті мәрте көмек жетті. Атап айтқанда «Total Eren Services Kazakhstan» ЖШС-нің бас директоры Тьерри Плезан 10 дана оттегі концентраторларын табыс етсе, «Шұғыла» қоғамдық қоры, «Сауда – Сервис» ЖШС-нің көмегімен аудандық және қалалық ауруханаларға 6 оттегі концентрат аппараттары тарту етілді.

— Сіздердің тараптарыңыздан ауданда атқарылып жатқан осындай игілікті істер өмір мен өлім арасында арпалысып жатқан жерлестеріміздің  денсаулығына үлкен көмек болары сөзсіз. Сондықтан жомарттық танытып, жанашыр болып жатқандарыңызға алғыс білдіреміз. Осылайша жұдырықтай жұмылсақ бұл қиындықты бірге еңсеретін боламыз,- деді Нұрлан Сегізбайұлы.

Өз кезегінде «Сауда-Сервис» ЖШС еліміздің басына төнген қиын кезеңде құр алақан қарап отырмай, қолдан келген бар көмекті аямай көрсете беретіндіктерін жеткізді серіктестіктің басқарма төрағасы В.Лыткин.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.