A place where you need to follow for what happening in world cup

Медициналық мекемелердің жұмысы қалыпты

171

Жуырда «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының жанынан құрылған топ мүшелері аудандағы медициналық мекемелердің бүгінгі жай-күйін біліп қайтты. Ондағы мақсат – өңірдегі қазіргі эпидемиологиялық ахуалды бақылап, ауруханалардағы төсек орындары мен медициналық құрал-жабдықтардың қажеттілігін және санитарлық тазалықты көзбен көру болатын.

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Болатхан Ниязбеков бастаған топ аудандық орталық аурухананың провизорлық бөлімшесіндегі атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Сонымен қатар, аудан тұрғындары мен жеке кәсіпкерлер тарапынан көрсетілген көмектер, сондай-ақ мемлекет тарапынан қолға алынған шаралардың барлығы да арнайы топтың назарынан тыс қалмады. Бұл бағыттағы зерделеу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.