A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл жастарының «Өнегелі ұрпақ – ұлт болашағы» атты флешмобы өтті

1 094
Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы, келешек қоғам тәрбиесі. Ұлттық құндылықтарымызды насихаттау – біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Осындай тағылымды флешмоб арқылы өскелең ұрпақ пен аға-буынның ұйытқы болуымен асыл мұраны сақтап қалуға күш салуда.
Жалпы, Жамбыл облысы бойынша 354 мыңнан астам жас бар. Олар экологиялық акцияға белсенді қатысуда.
Флешмобқа ардагерлер мен қарттар, волонтерлер, студент жастар қатысты. Флешмоб барысында «Жастар» аллеясында ағаш көшеттері отырғызылды.
— Біз, белсенді жастар да акцияны насихаттауға, оған барша тұрғындарды белсене қатысуға шақыру мақсатында өз үлесімізді қосқымыз келді. Бүгінгі ұйымдастырған флешмобымыздың мақсаты осы. Нәтижесі біз күткендегіден де жоғары болды. Акцияға атсалысқан достарыма, замандастарыма алғыс білдіремін,- деді белсенді жас Ә.Нарегеев.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.