A place where you need to follow for what happening in world cup

Үздік теміржолшы еді

26 090

Тарихшылардың бірталайы Шу атауын аттас өзенмен ата- са, көбісі Шу батырмен байланыстырады. Ғұлама ғалым ака- демик Ә.Марғұлан «Ескендір Зұлқарнайын (А.Макеноский) болған. Оны Шу деп атаған. Қаланы салдырған Шу деген ел басқарушы бай адам» деп М.Қашқари еңбегіне сілтеме жа- сайды. Осы Шу стансасында 1945 жылғы тамыздың 15-де Қойшыбеков Амангелді Сүндетбайұлы дүниеге келген. Ол 1964 жылы осы стансадағы Ы.Алтынсарин атындағы (ол кез- де №62 теміржол мектебі) орта мектептің 10-шы сыныбын бітірген. Бұл мектепті 1938 жылы «Түркісіб» теміржолын салу- шы жұмысшылардың балаларына арнап салғызған Тұрар Рысқұлов атамыз екен. «Түркісіб» теміржолын Луговой- Семей (1470 км) арасын жоспарлаған бес жылда емес, үш жылда (1928-1930) бітіруіне үлкен үлес қосқан. Сол атақты құрылыстың басшысы Т.Рысқұлов болған. Москваның шешімі бойынша теміржол салуға Европадан жұмысшылар тартылуы керек болатын. Құрылысты тікелей басқарған Т.Рысқұлов «Сырттан әкелетіндерге көп ақша кетеді, құрылыс қымбаттайды» деп қазақтарды жұмылдырған. Үлкен құрылыстың бас инженері қызметіне Мұхамеджан Тынышпаевты тағайындаған. Теміржол Луговойдан Бішкек арқылы Алматыға жүргізілсін деп қырғыздар үлкен дау шығарған. Оған қарсы болған Рысқұлов теміржолды Шоқпар арқылы өткізген. Ба- баларымыз салған атақты теміржол мектебінен жақсы білім алып, оны үздік бітірген Амангелді Сүндетбайұлы өмір жо- лын жұмысшы болып Шоқпардағы ПЧ мекемесінде бастаған. Теміржол салуды армандаған жігіт 1965 жылы Ташкенттегі теміржол институтының жол бөліміне-факультетіне оқуға түседі. Оны бітірген соң Шоқпарда инженер қызметін атқарды. 1973-1977 жылдары Шоқпардағы ПЧ-34 мекемесінде бастықтың орынбасары (ПЧЗ) болды. Ал 1977-1982 жыл- дары Шығанақ дистанциясын басқарды. Шуда 1982 жылы Шу теміржол бөлімі ашылып, Амангелді Сүндетбайұлы сол теміржол бөлімінде НОД ПЧ деген үлкен лауазымды қызмет атқарған. Оған Шоқпардағы, Саршығандағы және Шудағы ПЧ мекемелері толық бағынатын. Бұл қызметті 1984 жылға дейін атқарды. Бірліктегі сол жылы ПМС-64 деп аталатын мекемеге Амангелді бастық болып бекіді. Ол басқарған ұжым бірнеше рет Алматы теміржол басқармасының бас бәйгесімен марапат- талды. Кейінгі кезде Жамбыл теміржол бөлімшесінің жеңімпазы деген құрметке ие болды. Амангелдіні елдің бәрі Аманша деуші еді. Аманша 1970 жылы Ақжолтай Саймасайқызына үйленді. Олардың екі ұлы, бір қызы бар. Үлкен ұлы Қанат 1971 жылы туған. Қазір «Сауда-Сервис» ЖШС-де бас директордың бірінші орынбасары. Оның Ажар, Мөлдір деген қыздары және Санжар атты ұлы бар. Қызы Жанат 1973 жылы өмірге келді. Одан Дәулет есімді жиені бар. Аманшаның екінші ұлы Ғалымжан 1976 жылы туған. Оның Динара, Ислам және Дания атты балалары бар. Аманшаның балалары, немерелері аман-есен өсіп, өніп, бір қауым ел болды. Немерелерінің қызығын көре алмай, Аманша 1990 жылы 18 мамырда дүниеден озды. Тәрбие отбасынан басталады емес пе?! Аманшаның ба- лалары, немерелері адал еңбек етуде. Өзінің туған ұлдары мен қыздарын тәрбиелеу – азаматтың ең бірінші аса маңызды қызметі екенін Аманша мен Ақжолтай әу бастан-ақ түсініп, дұрыс жолға қойған. Соның әсері болар оның ұрпақтары үлгілі. Аманша тірі болғанда тамыздың 15-сінде 75 жасқа келер еді. Өмірлік жары Ақжолтаймен отау құрғандарына 50 жылдығын тойлар еді. Аманшаның жастық шақтағы ажырамас достары болған. Олар Есен Әбділдаұлы мен Шәкен Әжібаев еді. Есен де теміржолда ұзақ уақыт қызмет атқарды. Дүкенші ревизордан, теміржолшыларды қамтамасыз ететін ұйымның бастығына дейін көтерілді. Кез келген отырыстың гүлі еді. Өлең айтып, баян тартып, отырыстың сәнін келтіретін. 70 жылдығынан кейін жолдасы Аманшаның артынан кетті. Мен білетін оның тағы бір досы Шәкен Әжібаев. Ол Жамбыл облысының бес ауданында прокурор бол- ды. Республикалық Тергеу комитетінде бөлім басқарды. Заң саласының үздігі. Күні кешеге дейін адвокат қызметін атқарды. Қазір Алматыда тұрып жатыр. Аманша туралы небір жақсы әңгімелерді таңға дейін айтудан жалықпайды. Қазақстың «Әкең өлсе де, әкеңді көргендер өлмесін» дейтін осыдан шығар. «Шудан базары – халықтың ажары» деп көпшілік айтып кеткен сауда орнының бас директоры Аманбек Қойшыбеков Аманшаның туған інісі. Базар жыл санап кеңейіп, құрылысы қарқын алып келеді. Туғандары Аманшаның ізін жалғап, әруағына құран бағыштап, есімін үлгі етіп келеді. Сол үшін достары ретінде алғыс білдіреміз. Аманшаның жатқан жері жәннаттан болсын.

Сәрсебай Қалиұлы. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Әлем халықтары Жазушылары одағының мүшесі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.