A place where you need to follow for what happening in world cup

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі мекемеде аталып өтті

1 094

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні  – Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде 1 мамыр тойланады. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД № 67 мекемесінде де шаруашылық жұмыстарды атқару үшін қалдырылған сотталғандардың арасында мәдени және спорттық іс-шаралар өткізілді. Мақсаты жұмысқа қалдырылған сотталғандардың арасында түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықты насихаттау.
Аталған іс-шаралар, 1 мамыр күні, әдеттегідей, сотталғандардың сап көрінісімен басталды. Сап көрінісінен кейін шаруашылық жасағындағы өзге ұлт сотталғандардың өз тілдерінде мерекемен құттықтауларын білдірді.
Әртүрлі тілдердегі құттыктаулардан кейін, сотталғандар арасында мекеме спортзалында үстел теннисі, арқан тартудан, волейбол ойындарынан және шахматтан жарыстар өткізіліп, жеңімпаздар анықталды.
1 мамыр күні спорттық іс-шаралардан кейін сотталғандарға телеарналардан түрлі мерекелік бағдарламалар мен көркем фильмдер көрсету ұйымдастырылды.

Әділхан Оразымбетов

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.