A place where you need to follow for what happening in world cup

Біздің міндет — адал қызмет

230

Қоғамдағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, жергілікті билікке деген елдің сенімін арттыру мақсатында ауданымызда  «Шу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылып, жұмысын бастады. Азаматтарды қабылдайтын жобалық кеңсе аудан әкімдігінің бірінші қабатынан ашылды. Онда аудан тұрғындарына қызмет көрсету үшін бар мүмкіндік қарастырылған және арнайы мамандар жұмыс жасайды. Аталған кеңсенің негізгі мақсаты — қоғамдағы әділетсіздіктерге жол бермеу, өңірлердегі қандайда бір жобаларға бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын назарға алып, зерделеу жұмыстарын жүргізу. Сондай-ақ, тұрмыстық жемқорлықты  жою  мен азаматтарға  қолайлы ортаны қалыптастыру мақсатында тұрғындардан білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, ветеринария, халыққа қызмет көрсету, құқық қорғау органдарына қатысты салалар бойынша ұсыныс-пікірлер қабылдап, шешілу жолдарын қарастырады. Мәселен, жобалық кеңсе наурыз айынан бүгінгі күнге дейін 21 адамды қабылдап, 17 азаматтың мәселесі шешімін тапты. Қалғандары бақылауға алынды. Сонымен қатар Шу қаласының және Жаңа жол ауылдық округінің әкімшілік ғимараттарында «Сервистік әкімдік» кабинеті ашылған. Қала мен ауыл тұрғындарының саны көп болғандықтан, сұрақтар да аз емес. Сондықтан жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру салалары бойынша жауапты мамандар «Бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетеді. Аталған орталықтың мақсаты тұрғындарды әртүрлі мекен-жайларда орналасқан  бөлімдерге сабылтпай бір ғимараттан қызмет көрсету болып табылады. Алдағы уақытта аудан орталығы Төле би ауылынан «Сервистік әкімдік» ашу жоспарлануда. Бұл жобалар бұқара мен биліктің байланысын нығайтып, жемқорлықтың алдын алады.

Т.Ақберген,

«Шу — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.