A place where you need to follow for what happening in world cup

Тәлімгерлік жүйенің маңызы зор

274

Қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпіріндегі ҚАЖ мекемелерінде тәлімгерлік жұмыстар қарқынды ұйымдастырылып, өтуде. Жалпы, тәлімгерлік бұл талапты жастардың болашағына қолдау көрсетіп, алға қойған мақсаттарына жетуіне жол ашу, сонымен бірге жастарға барынша қолдау көрсету. ҚАЖ Комитетінің негізгі бағыты да осы. Сондықтан да, жастарға арналған көптеген іс-шаралар мен кездесулер, семинар-тренингтер жоспарлы түрде өтуде.

Өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/4 мекемесінде бүгінде Данияр Ықтияр есімді жас маман қызмет етуде. Ол мекемедегі режим бөлімінің ақпараттандыру және байланыс тобында жұмыс істеу жүктелген. Жас қызметкердің тәлімгері – Бекзат Жолдасбай. Бұл салада біршама тәжірибе жинаған Бекжан бар білгенін үйретуден жалықпайтын жан. Есесіне, Даниярдың да талабы таудай, арманы асқақ. Бастысы, жас маман антқа адалдық танытып, қиындығы мол салада абыройлы еңбек етуге ниетті.

Өз кезегінде режим бөлімінің өзге де қызметкерлері тәлімгері Бекзат Жолдасбай сынды білгенімен бөлісіп, қолдау көрсетуге тас түйін дайын. Тек жас маман ҚАЖ қызметінде қырағылық танытса болғаны.

Айгүл АБДЫБАЕВА,

ЖД-158/4 мекемесі режим
бөлімінің аға жедел уәкілі
әділет майоры

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.