A place where you need to follow for what happening in world cup

«36 мың теңге»: Асхат Аймағамбетов ұлына сатып алған мектеп формасының түбіртегін жариялады

5 321

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысынан кейін баласына мектеп формасын алуға қанша ақша кеткенін айтқан еді. Кейін министр сөзіне дәлел болуы үшін дүкендегі түбіртектердің суретін жариялады, – деп хабарлайды «Munaranews.kz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрдің сөзінше, ұлы мектепте оқиды және оқу жылына басқа ата-аналар секілді дайындалады.

«Жексенбі күні ұлым екеуіміз дүкенінен 36 000 теңгеге жейде, костюм, шалбар және галстук сатып алдық. Түбіртектен заттардың құнын және оның жалпы сомасын есептеп көруге болады», – деді Аймағамбетов Facebook-парақшасында.

Оның айтуынша, мектеп формасынан бөлек 20 000 теңгеге портплед сатып алған.

«Бір түбіртекте сома 26 мың теңге (Пиджак. Шалбар. Жейде). Екінші түбіртекте – 10 мың теңгеден жоғары (тағы бір жейде мен галстук). Жалпы сомасы 36 мың теңгеден асады. Портплед шамамен 20 мың теңге», – деп қосты ол.

Асхат Аймағамбетов ұлының былтыр сатып алған мектеп формасы бар екенін айтады. Баласы былтырғы киімдерін де киеді дейді.

«Министрліктің 475 мың мұқтаж балаға мектеп формасын сатып алуына қаржылай көмек көрсету шараларын қадағалап отыратынын атап өткім келеді. Оқу жылы қарсаңында Үкімет бұл мәселені бақылауға алды. Премьер-министр тиісті тапсырмалар берді», – деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Аймағамбетов баласына мектеп формасын қанша теңгеге сатып алғанын айтқан еді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.