A place where you need to follow for what happening in world cup

Студенттер күніне арналған мерекелік кеш өтті

11 708

Кешегі мектеп оқушысы бүгін-студент,  ертең жас маман атанады. Уақыттың иіріміне бағынбайтын жастық шақ қайта айналып келмейді. Сондықтан болар еліміздегі барша студенттер жыл сайын 17 қарашаны асыға күтеді. Бұл күні марапаттар еселене түседі, ойын-сауық жиындар, көңілді кештер ұйымдастырылады.

Биылғы жыл тіптен ерекше. Себебі Дулати университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасы Дулати Жастар теартының жаңа қойылымы мерекеге орай сахналанды.

Көрермен толы зал «Диляфруздың төрт күйеуі» атты комедиялық спектакльді тамашалады. Жастар арасындағы шынайы махаббаттың түбінде жеңіп шығатынын сыйпаттаған қойылым көпшіліктің көңілінен шықты. Сонымен қатар, студенттер күні қарсаңында белсенділікпен көзге түскен жастар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Студенттер күні биылғы жылы да университетте жоғары деңгейде аталып өтті. Мерекелік іс-шарада Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Еділханұлы атаулы күнде жастарға мерекелік көңіл күй сыйлау үшін осындай салтанатты мереке ұйымдастырып отырғанын айта келіп, позитивке жылдарды рухани байып, жан-жақты болып өтуге шақырды.

Айта кету керек, Халықаралық деңгейде тойланатын студенттер мерекесі 17 қараша күні деп белгіленген.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.