A place where you need to follow for what happening in world cup

Есенов қоры студенттерге жаңа мүмкіндік сыйлайды

12 549

Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының өкілі Аделина Мухамедиянова Дулати университетінің студенттеріне қор туралы ақпарат берді.

Ақпараттық сессияның модераторы Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Гүлнұр Исабекова студенттерге аталмыш қор ұсынып отырған бағдарламалар бойынша бақ сынап, қатысуға шақырды.

Шахмардан Есенов қоры техникалық, жаратылыстану және медициналық мамандықтар бойынша жыл сайын грант бөледі. Оған 2,3,4 курс студенттері мен магистранттар және ғылыми қызметкерлер қатыса алады. Шәкіртақы иегерлері әлемдік зертханаларда тағылымдамадан өтуге, еліміздегі ЖОО-да тегін білім алу мүмкіндігіне ие болады. Академик атындағы қор бағдарламалары бакалавриат пен магистратураның ең үздік студенттеріне қаржылай қолдау көрсетуді және біліктілікті дамытуды көздейді.

2013 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан қор осы уақытқа дейін 50-ден аса жобаны жүзеге асырып, жыл сайын қор жеңімпаздары АҚШ, Канада, Сингапур, Ұлыбритания т.б. елдерде білімдерін жетілдірген.

14 қарашаға дейін студенттер өз өтінімін жолдай алады. Толық ақпаратты қор сайтынан көруге болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.