A place where you need to follow for what happening in world cup

Сурет салу — өзгеше өнер

514

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №67 мекемесіндегі шаруашылық жасағына қалдырылған сотталғандармен АКАТЖжӘП бөлімшесінің инспекторы әділет аға лейтенанты М.Н. Мыркалиеваның ұйымдастыруымен 8-желтоқсан Халықаралық суретшілер күніне «Еркін тақырыпта» сурет салу байкауы өтті. Байкауда сотталғандар әрқайсысы өзінің салған өнерін бейнелеу арқылы, әсемдікті сезіне отырып, яғни сурет салғанда қоршаған ортаның сұлулығы мен ғажайыптарына ерекше ықыласпен қарауын, қоршаған ортаны тереңірек ұғынуға, бейнелеу мәдениетінің ұлттық дәстүрлерін сақтауға, сондай-ақ барлық өмір құндылығын бағалап, аялау мақсатында, өздерінің «Еркін тақырыпта салған суреттерін қорғап, мәнін түсіндіріп өз ойларын шыңдады.
Сонымен катар сотталғандардың патриоттық және төзімділік сезімін арттыру, болашаққа деген үмітін үзбей және ой өрісін дамыту бойынша ұйымдастырылған байқау.
Сурет салуда оңай шаруа емес демек, №67 мекемесінде өткен суретшілер күніне «Еркін тақырыпта» сурет салу байқауына белсене қатысқан сотталғандар мекеме бастығының «Алғыс хатымен» марапатталды.

Мақала авторы:
АКАТЖжӘПБ инспекторы
әділет аға лейтенанты
Мыркалиева Меруерт.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.