A place where you need to follow for what happening in world cup

Сақтық шаралары қатаң сақталады

118

Шығанақ ауылдық округі әкімі аппаратының және  ветеринария қызметінің қызметкерлері бірге ауылдық округ бойынша, 47 мекемеге  коронавирус инфекциясының алдын алу іс шараларына байланысты ағымдағы жылдың 4 сәуірінен 1 мамыр  аралығына санитарлық дезинфекция жұмыстарын  жасады.

Ауылдағы  жанармай құю станцияларында дезинфекция жұмыстары 3 сағат сайын жұмыс жүргізеді. Жол бойындағы асхана және кафелер тағамды тек тапсырыс жасаған тұтынушыға жеткізіп,  санитарлық ережелерге сай қызмет қөрсетуді қолға алды.

Округке қарасты Бұрыл-Байтал стансасында 2,  Байтал ауылында 1,  Шығанақ ауылында 12 азық-түлік дүкені, 1 дәріхана күнделікті қатаң санитарлық ережелерге сәйкес жұмыстарын атқаруда. Темір жол вокзалының маныңдағы барлық сауда орындары уақытша жабылған.

Ауылдағы Қазақстан теміржолы АҚ-ның басқа мекемелере күнделікті дезинфекция жұмыстары жүргізіліп, бір қалыпты өз жұмыстарын атқаруда. Ауыл кәсіпкерлерінің азық түлік тасымалдайтын жүк көліктерін басқа қалаға шығуға рұқсат берілуі үшін электронды түрде, Сергек базасына толығымен қосылды. ҚТЖ мекемелерінің және жол жөндеу мекемелерінің көліктерін Сергек базасына енгізуге жолданды.

Жоғарыдағы көрсетілген іс шаралардың барлығы коронавирус инфекциясының өршу кезеңіндегі атқарылған жұмыстар. Жалпы округ бойынша КВИ бірінші толқыныныңда 8 адам індетпен ауырды, оның біреуі бала. Өкінішке орай бір адам қайтыс болды. Коронавирус инфекциясының белгілері бар өкпе қабынуымен 18 азамат ауырған. Осы аурудан  екі адам қайтыс болды.

Қазіргі таңда коронавирус инфекциясының 2 толқының болдырмау немесе алдын алу мақсатында төмендегідей іс шаралар жасалуды қолға алдық

Ауылдық округі бойынша, кәсіпкерлік нысандар, дүкен, дәріхана, тамақтанатын орындар, кафелер, жүйелі түрде рейд арқылы тексерілуде.

ҚР бас санитарлық дәрігерінің және Жамбыл облысы бас санитарлық дәрігерінің №32,33,34,35,36 қаулыларына сәйкес, талаптарды қатаң сақтау үшін, ауылдық округ ішіндегі тұрғындардың арасында болатын жиналыстар, жиындар, немесе тағы басқа  мерекелік іс шаралар тексеріліп, жоғарыдағы көрсетілген қаулыны басшылыққа ала отырып өткізілуде.

Шығанақ орта мектебінің 1-4 сыныптары оқу процесін жалғастыруда. Сондықтан мектеп ғимаратында қыркүйек айының 10 жұлдызынан бастап дезинфекция жұмыстары күнделікті жүргізіліп отыр.

Нұр-Сұлтан – Алматы тас жолының бойындағы орналасқан жанар жағармай құю станциялары, тамақтану орындары, кафелер, балық сату дүңгіршектері және тағы басқа нысандар күнделікті тексеріледі.

Емханамыз пандемияның 2 толқынына толықтай дайын. Дәрі – дәрмек, бетперделер және тағы басқа керек жарақты заттардың қоры 2 айға жеткілікті.

Коронавирус індетінің алдын алу үшін, бас санитарлық дәрігердің қаулыларын шыққан мезетте, интеренет желісі және ескерту парақшалары арқылы тұрғындар назарына ұсынылады.  Сондай-ақ ауылдық округ аумағына сырт жақтан келген, саудамен айналысатын кәсіпкерлергеде талаптарды сақтауды ескерту ұдайы жүргізіледі.

Ерік  ҮСЕНОВ,

Шығанақ ауылдық округінің  әкімі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.