A place where you need to follow for what happening in world cup

Мойынқұмдық спортшылардың табысы аз емес

161

Ауданда 121 спорт нысаны, атап айтқанда, 1 спорт кешені, 1 орталық стадион, 28 спорт зал және 91 спорт алаңдары мен алаңшалары аудан тұрғындарына тегін қызмет көрсетеді. Аталған спорт нысандарының 86-ы жалпы білім беру мекемелерінің, 10-ы спорт мектебінің, 4-і орта арнайы оқу орнының, 21-і ауылдық округ, ауыл әкімдерінің  теңгерімінде тіркелген.

Аудандағы  79 спорт алаңшаларының 25 -кіші футбол алаңшалары, оның ішінде 11- жасанды төсеніші бар. 14 қарапайым кіші футбол алаңшалары, 30 волейбол, 19 баскетбол, 2 гимнастикалық, 2 құрамдастырылған және 1-уі көше жаттығу спорт алаңшасы. Ауданымызда өткен жылы 12 қарапайым спорт алаңшалары салынып, қолданысқа берілсе, 2020 жылы ауданда 9 спорт нысанға  оның ішінде, 8  жасанды төсеніші бар кіші футбол, үстел теннистері және стритворкаут алаңшаларын жаңадан салуға және 1 кіші футбол алаңшасын аббаттандыруға жалпы облыстық қайтарымдық несиеден 112 253 000 теңге бөлінді. Бүгінгі күнге 9 алаңшаның 6-ы (Мыңарал, Шығанақ, Хантау, Көкжелек, Айдарлы, Күшаман) қолданысқа берілсе, қалған 3 алаңша (Мойынқұм, Құмөзек, Қарабөгет) жоспарға сәйкес, үстіміздегі жылдың тамыз айының соңына дейін аудан тұрғындарының пайдалануына берілетін болады.

Бүгінгі таңда аудандағы № 19 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 7 үйірме (қазақ күресі, еркін күрес, бокс, волейбол, баскетбол, футбол, дзюдо) жұмыс істейді. Онда 42 жаттықтырушы жастарға спорттың қыр-сырын үйретеді.

Ауданда спортпен тұрақты шұғылданушылар саны салыстырмалы түрде 2019 жылы 9717 адамды немесе аудан халқының 30% пайызын құраса, 2020 жылдың 6 айында аудан тұрғындарының 30,7% немесе 9839 адамды құрап отыр. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша 106  бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған  2918 адам қамтылды. Оның ішінде «Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы» атты тақырыбында 2 аудандық жарыс өткізіліп, жарысқа 106 адам қамтылды.

Аудан спортшылары республикалық, облыстық және ауданаралық жарыстарға қатысып, жоғары нәтиже көрсетуде. Атап айтсақ, 2018 жылы самбо күресінен жастар арасында Монғолияда өткен Азия чемпионатында бірліктік Оңалбай Жұмадулла чемпион атанды және Грузияда өткен Әлем чемпионатында  екінші орынға ие болды.

Облыс, республика көлемінде қазақ күресінен Нәзімхан Наурызбай, Оразалы Жандәулет, Алпысбай Еркін, Оңалбай Жұмадулла, Тыныш Сырым, Жұмаділ Елдияр, Жасұлан Жарас, Тілепберген Шынғыс, Әзімхан Ерхан, Орманқұл Өрісбай, еркін күрестен Батырхан Нұртай, Шоқпарбек Нүркен, Шәкірбек Санжар, Сабырхан Мейірхан, Дінисламұлы Нұрислам, бокстан Мейрам Болашақ, Мұраталы Дінмұхамет, Зауытбай Сұлтан жүлделі орындарымен жанкүйелерін қуантып, болашағынан үлкен үміт күттіруде.

Бокстан республика чемпионатында Болашақ Мейрам 1 орын алса, «Алтын сақа» ойынының облыстық турнирінің жекелей біріншілігінде бір спортшымыз 1-орын, екі спортшы 3-орын, ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай мемлекеттік қызметшілер арасында аудан спортшылары кіші футболдан облыстық турнирде 3-орынға қол жеткізді.

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты облыстық мамандандырылған дарынды балалар мектеп – интернатында ауданымыздан Қожамұрат Ағыбай, Сейтбекұлы Саян, Сабырхан Мейірман, Сатыбалды Айбек, Рысбай Диастардың дәріс алып жатқанын атап өткен жөн.

 

Мерей ҚАЛДЫБЕКОВ,

аудан әкімдігінің дене  шынықтыру

және спорт бөлімінің басшысы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.