A place where you need to follow for what happening in world cup

Мойынқұмда 642 отбасына көмек көрсетілді

118

Құрбан айт күні ренжіскендер татуласып, бір-біріне көмек қолын созатын ерекше күн. «Қайырымдылық — қайырлы іс» деп халық даналығында айтылады. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Бүгінгі күні әлеуметтік осал топтағы отбасыларға  түрлі  деңгейде  қайырымдылық көмек беріліп келеді. Сонымен қатар жәрдем берушілердің қатары да жыл өткен сайын көбейе түсуде.

Биылғы жылғы құрбандық шалу, оның етін аз қамтылған, басқа да мұқтаж жандарға таратып беруде аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, ауылдық округ әкімдері, еріктілер жақсы жұмыс жасады. Еріктілер алдын ала бөлінген мал еттерін көліктерімен аса мұқтаж жандарға дер кезінде жеткізе білді. Ал мұның барлығы ауданымыздағы ауызбірлік, ынтымақтың барлығын білдірді. Биылғы коронавирус індеті жағадан алып тұрғанда мұндай шараны өз дәрежесінде, карантин талаптарын сақтай отырып орындау оңайға түскен жоқ.

Құрбан айт күндері ауданымызда 15 мүйізді ірі қара, 1 түйе, 114 қой және 14 ешкі малы құрбандыққа шалынды. Мойынқұмдық ерікті жастар аудандағы қайырымды жандардың шалған  құрбандық малдарының етін ерікті түрде ауданымыздағы әлеуметтік осал топтағы 642 отбасылардың үйді -үйіне азық- түлік себеттерімен  қосып жеткізіп берді.

Көрсетілген көмекке ауыл тұрғындары өз ризашылдықтарын білдірді.

Құрбан айт карантин уақытымен тұспа-тұс келгендіктен барлық санитарлық нормалар мен ережелерін қатаң сақтай отырып өткізілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.