A place where you need to follow for what happening in world cup

Әлеуметтік жоба жаңа өмірге жол ашуда

115

Тәуелсіз елімізде адам құқықтарын қорғау жолында көптеген игілікті істер жүзеге асырылуда. Соның бірі де бірегейі – ізгілендіру шаралары.

Елімізде карантин шаралары енгізілуіне байланысты тоқтап қалған бұл жұмыстар қайта жалғасын табуда. Мәселен, «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы аясында отбасымен қайта қауышып, жаңа өмір бастауға мүмкіндік алушылар қатары арта түсуде. Олар өткенінен сабақ алып, қайтадан шалыс баспауға талпынады.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/2 мекемесіндегі тәлім-тәрбие жұмыстары жүйелі жолға қойылған. Жақында аталған түзеу мекемесінен әлеуметтік жоба аясында бір азамат бостандыққа шықты.

Шараға мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев, Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының бас маманы Мұратбек Әмреев, Тараз қалалық №1 Пробация қызметі бастығының орынбасары Олжас Бектаев, сондай-ақ ЖД-158/2 мекемесінің босатылатындардың тұрмыспен және еңбекпен қамту инспекторы Кәмшат Әбдімомынова қатысып, сотталған Р.А. есімді азаматқа түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Өз кезегінде түзеу мекемесінен босап шыққан азамат жұмысқа орналасуға, әлеуметтік және тағы басқа да түрлерін ұйымдастыруға қолұшын созған жандарға ризашылығын жеткізді.

Гүлжан Ибраимова,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесінің

аға инспектор-психологы, әділет капитаны

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.