A place where you need to follow for what happening in world cup

Халықтың үніне құлақ асу – қазіргі биліктің басты міндеті

170

Сарысудағы ағайынның қуанышында шек жоқ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы экономикалық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуының негізі» Жолдауында тиімді мемлекеттің негізі – мемлекет пен халық арасындағы сенімді қарым-қатынас. «Халық үніне құлақ асатын Үкімет» тұжы­рым­дамасы – халықтың үніне құлақ асып, әрекет ете­тін билікке деген сенімді орнату мен ны­ғайтуға негізгі екпін жасалатын бас­ты стратегиялық элемент екендігін айрықша айтқан болатын.

Бұл дегеніміз — елдің мұң-мұқтажын еститін мемлекет. Тұрғындарға құлақ асатын әкімдік қалыптастыру қажет деген сөз.

Осы мақсатта Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыстың барлық аудандарын аралап шығып, түйткілді мәселелерді өз көзімен көріп, шешілуіне ықпал етуді көздеген. Облыс басшысының сондай іссапары кезінде аудан тұрғындары тарапынан бірқатар мәселелер көтерілген болатын. Көтерілген мәселелер бүгінгі таңда қолға алынып, облыстың бас жоспарына енгізілуі қуантарлық жай болып отыр.

Атап айтар болсақ, Сарысу аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінің ғимараты 1987 жылы пайдалануға берілгеннен кейін жөндеу көрмеген.  Әбден тозығы жеткен аурухана аудан халқының көптен бергі көкейлеріндегі түйткілді мәселе болатын. Сонымен қатар, 1987 жылы пайдалануға берілген соң жөнделмеген Саудакент ауылдық ауруханасы ғимаратының пайдаланылып тұрған бөлігі күрделі жөндеуді қажет етеді. Бұл мәселе облыс әкімінің іссапары кезінде Саудакент ауылы тұрғындары тарапынан көтеріліп, шешемін табуға жақын қалды. Бұл нысанның тозған бөлігін көзбен көрген Б.Сапарбаев жаңарту жұмыстарына, жылу жүйесінің құрлысына қажетті қаржыны бөлу мәчселесін қолға алатындығын айтқан болатын. Бүгінде бұл мәселе оң шешімін тауып, облыстың бас жоспарына енгізілгеніне саудакенттіктер мен қатар жатқан елді мекен тұрғындарының қуанышында шек жоқ.

Дүйсенов Орынтай, Саудакент ауылының ардагері:

— Жамбыл облысының әкімі-Бердібек Мәшбекұлы Сарысу ауданына іс сапары кезінде осындағы жұртпен кездесіп, ұсыныс-тілектерін тыңдаған болатын.

Аллаға шүкір дейік, мемлекеттің қарапайым халыққа жасап отырған жағдайы көп. Бірақ соның ішіндегі ұзақ жылдан бері шешімін таппай келе жатқан кезінде толыққанды жұмыс істеп тұрғанда аудан жұртының денсаулығына араша болған Саудакент ауылдық ауруханасы 1987 жылы жылы пайдалануға берілгеннен кейін жөндеу көрмеген екен.

Бердібек Сапарбаев мырза облысқа әкім болып тағайындалған соң ауданға сапарында осы аурухананың қазіргі пайдаланып отырған бөлігін күрделі жөндеуден өткізіп, жылу жүйесін жаңарту мәселесін көтерген халықтың үніне құлақ асқандығына ризашылығымыз көп.

Осындай халықтың қамын жейтін іскер азаматтарымыз аттан түспесін.

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша Ақтоғай ауылындағы Ақтоғай орта мектебі 2003 жылы пайдалануға берілгеннен соң жөндеу көрмеген білім ордасы. 380 орынға арналған типтік ғимарат күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Қазіргі уақытта жобалық сметалық құжаты дайындалып, сараптама қорытындысы шыққан.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың» орындалуын қамтамасыз ету мақсатында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу Тоғызкент ауылындағы «Жанна» балабақшасына қажет.

Жыл санап көркейіп келе жатқан Жаңатас қаласы үшін тұрғын үй мәселесі күн тәртібінен түспейтін міндеттер қатарында. Өйткені жұмыс саны артқан сайын адам саны да көбейіп, тұрғын үй кезегіндегі адам саны артуда.

Мұндағы басты мақсат- әлеуметтік жағынан аз қорғалған және жылдар бойы пәтер кезегінде тұрған көп балалы отбасыларды баспаналы қылу.

Осы орайда, жарты ғасырлық тарихы бар қалада мемлекеттік бағдарламалар аясында көпқабатты тұрғын үйлер қайта жаңғыртылып, пайлануға беру жылдан-жылға іске асып келе жатқан маңызды жұмыстардың бірі.

Бүгінгі таңда, коммуналдық меншіктегі тұрғын үйлерден пәтер алу кезегінде жалпы саны — 1586  адам тізімде тұр.

Осы мәселені шешу, тұрғындарды, әсіресе жағдайы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тұрғын үймен қамту үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылуда. Бұл Жаңатас қаласы үшін қуанарлық жағдай.
Жамбыл облысының әкімі-Б.Сапарбаевтың ауданға сапары кезінде бос тұрған үйлердің қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруға ықпал етуге  сұраныс жасаған қала тұрғындарының ұсынысын шешу үшін жоспарға қосқан облыс басшысына қала тұрғындарының алғысы мол. Биыл қалпына келтірілетін 2 шағын аудандағы 90 пәтерлік  24 және 26 үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Екі үй қалпына келтірілсе кезекте тұрған 180 отбасы баспаналы болатыны кезектегілерге үміт сыйлайды.

Есжанова Нұрсая, Жаңатас қаласының тұрғыны, көп балалы ана:

— Жаңатас қаласындағы қалыпқа келтіруге жарайтын үйлер жылдан жылға жергіліктьі, облыстық және республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға жөнделіп, осындағы кезекте тұрған халыққа берілуі үлкен үміт және сенім сыйлайды жергілікті халыққа.

Облыс басшысы-Бердібек Сапарбаевтың ақпан айындағы сапары кезінде көп балалы ана ретінде қаладағы көп қабатты үйлерді жөндеу жұмыстарын жалғастыру туралы ұсыныс білдірген едім, рахмет 2 –ші шағын аудандағы екі үй қалпына келтірілетін болыпты. Облыс басшыларына алғысымыз шексіз. Биліктің халықпен етене жұмыс жасауы қазіргі Президентіміздің салиқалы саясаты деп білеміз.

Сондай-ақ, аулаларды абаттандыру жұмыстары да қарқын алмақ.

№3 шағын ауданның 6 үйдің ауласына абаттандыру жұмыстарын жүргізу ЖСҚ әзірленді. Абаттандыру жұмыстарының ішінде 2 үлкен кешен және 7 балалар ойнайтын элементтері бар алаңша, 14 дана жаттығу элементтері бар «стрит воркаут» алаңшасы салынатын болады.

Қалалық қазандықтың алдыңғы бөлігін жөндеу жұмыстары кезек күттірмейтін маңызды мәселелердің қатарында тұр. Атап айтар болсақ, қазандық ғимаратын жаңалау (есік-терезелерді толық ауыстыру), аккумляторлық бактерді сыртқы оқшаулау, қазандық аумағын асфальттау, ғимарат шатырын толық ауыстыру, механикалық цех ғимаратын толық жөндеуден өткізіп,  кәсіпорын офисін осында орналастыру.

Сарысу ауданы бүгінде су тапшылығын көріп отырған облыстан шеткері жатқан бірден-бір аудан. Биыл жауын-шашынның аздығы ертең күннің ысыған мезгілінде көптеген проблемалар тудырып, төтенше жэағдайлардың орын алуына себеп бола ма деген қауіп бар. Бар мәселе-судың тапшылығында. Суармалы егістікке деген тәуелділікті түпкілікті жою бір күннің шаруасы емес. Сондықтан, бүгінде өңірдегі алқаптарды тиімді пайдалануда, су қоймаларынан шығатын тоғандар мен сужетектерінің тозығы жетуі шаруаларға үлкен қол байлау болып отыр. Жалпы ауданда екі су қоймасы мен он алты ішкі су жүретін канал, сегіз бөгет және аудан жер көлемінен алты өзен ағып өтетін су жүйесінің бары жасырын емес.

Солардың бірі «Жаңа Кәрітоған» арқылы су өтетін «Сарыөзек» су каналы. Бұл каналдың су өткізу қабілетісекундына/1м3. Каналдың басынан 600 литр су салынса, су пайдаланушыларға дейін 200 литр су зорға жетеді. Каналды калың қамыс, табиғи шөп басып, бұрынғы бетон арық әбден ескірген. Соның салдарынан 400 л су шығыны болады. Бұл мәселені жою үшін каналдың табаны мен ернеулерін  бетондау қажет. Бірақ бұл аз қражы емес.

Сарыөзек каналы арқылы Ұйым ауылының егістік алқаптарын суландыру үшін, қазіргі таңда каналдың су өткізу мүмкүндігі бойынша қиындықтар туындауда. Ұзындығы 2500 метр «Сарыөзек» каналын бетондау бойынша Жаңаталап аулдық округі тарапынан жобалық сметалық құжаты жасалып, «ҚазСуШар» республикалық мемлекеттік мекемесіне ұсыныс берілген.

Жайылма ауылдық округін қамтамасыз етіп отырған «Бүркіттің» су қоймасының Бүркітті лоток каналының су өткізу қабілеті секундына/1 текше метр Бірақ, әбден тозығы жеткен лоток отырған, жалғанған жерлері ашылған. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, лотоктарды толығымен ауыстырмаса шаруаның көрген күні осы. Бүркітті су қоймасының жағалауын бекітіп, жаңадан бетондау керек. Сонымен қатар, ұзындығы 1548 метр болатын каналдың лотогын ауыстыру да басты мәселе. Бұл су қоймасының да жобалық сметалық құжаты дайындалған.

Күлтөбе каналының мәселесі шешілді. Қазіргі уақытта су өткізу қабілеті секундына 0,5 текше метр Қазіргі таңда каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп сенбілік жасалды. Бүгінде Саудакент ауылының бірнеше көшесі осы канал арқылы бақша суын алып отыр.

Қалыбеков Сайлаубек, Ұйым ауылының ардагері:

– Саудакент ауылының маңындағы халықтың напахасын айналдыруға септігі мол бақша суына байланысты облыс басшысына көтерген мәселеміздің облыстың бас жоспарына кіргені қуантып отыр.

Өйткені, кезінде 45 гектарға дейін бақша еккен мына Ұйым ауылының тұрғындары «Сарыөзек» тоғанының арығы бетондалатынын естіп қуануда. Кезінде бұл тоғаннан Ұйым ауылының екі шетіне де бақша егіліп, осы ауданды пияз, сәбіз, қияр, қызанақпен қамтып қана қоймай сонау солтүстікке дейін жөнелтетін.

Мына 30 млн. текше метр суы бар «Ынталы» су қоймасынан алынатын су Ұйым, Жаңаталап, Игілік, Өндіріс, Саудакент ауылдарының барлығына жетіп артылатын қара күзге дейін. Тоғанның бетондары тозығы жеткен соң канал басынан шығатын 600 литр судың 200 литрі мына тұрған Ұйым ауылына зорға жетеді.

Осындай маңызды мәселемізді ескеріп, «Сарыөзек» су тоғанын кезең-кезеңімен бетондау жұмыстарының шығыны қаралып, іске асатындығына қуанып отырмыз.

Халықтың керегін қамтитын билікке халықтың да мейірімі мол емес пе?! Істері оңға баса берсін!

Сонымен қатар, облыс әкімінің ауданға іссапары кезінде көтерілген жолдарды жөндеу мәселесі де оң шешімін тауып отыр. Сарысу ауданы бойынша 2020 жылы жөнделуге жоспарланған көше жолдары былайша: Жаңатас қаласындағы 11 көшенің (Т.Рысқұлов, И.Тайманұлы, К.Әзербаев, Аяпов, Ғ.Мұратбаев, Ы.Дүкенұлы, Т.Бокин, Тоқтаров, Б.Момышұлы, А.Молдағұлова) жол жабындысына орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлінді.

Сондай-ақ, Тоғызкент ауылындағы Саңырық батыр көшесінің жол жабындысына орта жөндеу, Әбілда ауылына кіре беріс жолдың жабындысына орта жөндеу, Көкдала-1 ауылы, Игілік ауылы, Өндіріс, Маятас, Ұйым ауылдарының кіре-беріс жолдарының жабындысына орта жөндеулер жүргізу үшін қаржы бөлініп отыр.

Биылғы жылы ауданның қос ауылы таза сумен қамтылатын болады. Жаңталап ауылындағы 104 және Ұйым аулындағы 133 абонентке  «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында су құбыры тартылады. Нысандар 31 желтоқсанға дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Сарысудағы ағайынның облыс басшылығына алғыстары шексіз.

 

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.