A place where you need to follow for what happening in world cup

40 мың қазақстандық лицензиясынан айырылған банктерден ақшаларын алмаған

70

40 мың қазақстандық лицензиясынан айырылған екінші деңгейлі банктен ақшаларын алмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ал салымшылар үшінші шілдеге дейін қаржы ұйымындағы қаражатын шешу үшін өтініш беруі керек еді.

Депозиттерді кепілдендіру қоры лицензиясынан айырылған банктегі салымшылардың 90 миллион теңгесін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шоттарына аударыпты.

Айта кететін жайт, «іздеусіз қалған ақшалар» салымшылардың жеке деректері қордағы ақпаратпен сәйкес келген азаматтарға ғана жіберілген. Енді бұл ақша, адамдар зейнетке шыққанда зейнетақы ретінде қайтарылады.

Ал жұмысын тоқтатқан банктерден ақшасын алу үшін шетелде немесе әскерде жүріп өтінішті беріп үлгермеген азаматтар депозиттерді кепілдендіру қорына қайта өтінім бере алады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.