A place where you need to follow for what happening in world cup

Иран Әзірбайжанмен шекараға әскери техникасын жеткізіп жатыр – БАҚ

30

Иран ислам революциясының қарауыл корпусы Таулы Қарабахтағы жағдайдың ушығуына байланысты өз техникасын Әзірбайжанмен шекараға жақын маңға жеткізуді бастап кетті. Видео Sepah Pasdarhan Telegram-арнасында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2022 жылдың наурызында ислам революциясының қарауыл корпусы көрші мемлекеттердің шекарасын өзгертуді қолдамайтынын ескерткен. Сондықтан «Арменияға кез келген күштің басып кіруіне Иран қарулы күштері жауап қайтаратынын” мәлімдеді. Иран мен Әзірбайжанның ортақ шекарасы 400 шақырымға созылып жатыр.

Әзірге Иранның әскери техниканы шекара маңына жеткізуі жайлы ресми ақпарат жоқ. Ал жарияланған видеодан танк тиелген жүк көлігін көруге болады.

3 тамызда мойындалмаған Таулы Қарабахтың көшбасшысы Арик Арутюнян аймақтағы жағдайдың ушығуына байланысты ішінара әскери мобилизацияның басталғанын мәлімдеген. Ал Әзірбайжан әскерилері «Есе қайтару» операциясын жүргізгені туралы хабарлады. Түйісу шебінен солтүстік-батыс бағытта әзірбайжандық әскерилер гранотомет мен соққы жасауға арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланған. Мойындалмаған Таулы Қарабах республикасының қорғаныс министрлігі Арменияның 14 әскери қызметкері жарақат алып, біреуінің қаза тапқанын мәлімдеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.