A place where you need to follow for what happening in world cup

Қазақстан полициясына – 30 жыл

220

1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі Қазақстан Республикасы ішкі iстер органдары туралы Заң қабылдады. 2007 жылы Мемлекет басшысының жарлығы бойынша 23 маусым Полиция күнi деп ресми түрде бекiтiлген. Жыл сайын 23 маусым күні Қазақстан Республикасының Полиция күнi мерекесі тойланады. Қазақстан полициясының кұрылғанына 30 жыл толу мерекесіне орай ҚАЖ департаментiне қарасты ЖД-158/1 мекемесiнiң жас қызметкерлерi ант қабылдады. Ант қабылдау барысында ҚАЖ департамент бастығы әділет полковнигі Н.Қ.Рыспаев мырза қызметкерлерге қызметте адалдық, таңдаған мамандықта улкен белестерге жететiндерiне, осы жауапты қызметтi жолға қоюдың басы-қасында болғандарға, ардагерлерге және бүгiнде осы қатарда еңбек етiп жүргендерге ризашылық пен алғысын айтып, жылы лебізін бiлдiрді. Ант қабылдау рәсімі Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Б.Момышұлының мемориалдық музейінде өтті. Сонымен қатар бұл күн бейбiт уақытта Қазақстандыктардың тыныштығы мен қауiпсiздiгi үшiн өз өмірлерін құрбан еткендерге құрмет көрсету күнi болып та саналады.

Қылыш Аңламасұлы,

КСБ аға инспекторы, әділет лейтенанты

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.