A place where you need to follow for what happening in world cup

Жомарт жандар қол ұшын созуда

134

Медициналық көмек көрсету мақсатында біздің ауданда ауқымды жұмыстар жасалуда. Мәселен, жуырда аудандық кәсіпкерлердің, шаруақожалық жетекшілерінің және басқа да жомарт азаматтардың бастамасымен медицина мекемелеріне жетіспей тұрған құрылғылар жеткізілді.
Сондай-ақ, осындай игілікті іске Ғалия Әбітаева жетекшілік ететін «Нағыз патриоттар» қоғамдық бірлестігі, Төле би мешіті жанынан құрылған қайырымдылық қоры, «Сенімді-Ақниет» қайырымдылық қоры 6 млн.700 мың теңге жинастырды. Бұл қаражатқа Түркия елінен біреуі 400 мың теңге тұратын 12 оттегі құрылғысы мен 120 дана пульсоксиметр аппараттары жеткізілді. Одан бөлек, аудан әкімі Нұржан Календеров «Шұғыла» қоғамдық қоры арқылы 10 дана медициналық құрылғыға тапсырыс берді.
Бүгінгі күні аудандық кәсіпкерлер күшімен ауруханаларға 150-200 бөлік ыстық тамақ және азық-түлік ұсынылған.
Жуырда аудандық мәслихат депутаттарының бастамасымен аудандық ауруханаға алматылық «Медпрогресс» фирмасынан құны 611 мың теңге тұратын «Armed» оттегі концентраты алынған болатын. Осылайша, аудан азаматтары кезекті рет бірлігі мен ұйымшылдығы арқылы аты жаман аурудан айығуға күш сала беретіндерін көрсетті.
Осыған байланысты аудан әкімі Нұржан Календеров қайырымдылық акциясына атсалысқан барша шулықтарға алғысын білдіріп, кез келген қиындықты бірге жеңетінімізді атап өтті.

Р.ХАЙРУЛЛИН.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.