A place where you need to follow for what happening in world cup

Аудан әкімі онлайн байланысқа шықты

112

Аудан әкімі Нұржан Календеров «Facebook» әлеуметтік желісі арқылы тікелей байланысқа шығып, тұрғындардың сауалына жауап берді. Әлеуметтік желінің тікелей эфирін тиімді пайдаланған аудан басшысы «Жаһанды жаулаған жұқпалы індеттің алдын алу үшін елде енгізілген карантин салдарынан тұрғындарды тікелей қабылдау мүмкін болмай тұр. Коммуникацияның осы бір мүмкіндігін тиімді пайдаланып, онлайн кездесулер карантиндік шектеулердің қолданылу мерзімінің соңына дейін жалғасады» — деп мәлімдеді. Эфирге аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Мұрат Аханов та қатысып, індетпен күрес бойынша аудандағы ахуалға тоқталды. Сондай-ақ, әкімге тікелей байланыс барысында әлеуметтік сипаттағы сумен қамтамасыз ету, жол жөндеу, қаланы абаттандыру мәселелерін көтерген азаматтар да өз пікірлерін білдірді. Технологияның жаңашыл мүкіндігін пайдаланып арнайы уақыт бөліп, тұрғындардың сауалдары мен өтініштеріне құлақ түрген аудан басшысына алғыс білдіргендер де болды. Нұржан Календеров өз кезегінде әр сауалға толыққанды жауап беріп, аймақта індеттің алдын алу жұмыстары уақытылы жүргізіліп жатқандықтан алаңдауға негіз жоқ екенін жеткізді. Аудан әкімі онлайн сұқбатты қорытындылай келе өңір тұрғындарына амандық тілеп, кеш түскен сауалдар да жауапсыз қалмайтындығын жеткізді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.