A place where you need to follow for what happening in world cup

Жеке құрам жаздық киім үлгісіне көшті

721

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД-ның №67 мекемесінің жеке құрамы жаздық киім үлгісіне көшті.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінің жеке құрамның жазғы киім нысанына көшуіне орай саптық байқау ұйымдастырды.
Саптық байқауды ҚАЖД №67 мекемесінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары мен тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің аға инспекторы жүргізді. ҚАЖ департаменті ауласында барлық жеке құрам сапқа тұрғызылды. Е.Ш.Амиров жеке құраммен амандасып, осыдан кейін қызметкерлердің нысанды киім-кешектері мен олардың сыртқы түрінің белгіленген нормаларға сәйкестігін тексеріп, қызметтік куәліктерінің, айырым белгілерінің талаптарға сай болуын және сәйкестігіне тексеріс жүргізді. Аталған іс-шараның мақсаты – жеке құрамның нысанды киім киіп жүруі мен сыртқы келбетін ұстау ережелерін сақтауын, сондай-ақ қызметкерлердің көктемгі кезеңде іс-қимыл жасауға дайындығын тексеру. – Жоспарлы саптық байқау жүйелі түрде, жылына екі рет – көктемде жазғы киім нысанына ауысқан кезде және күзде қысқы киім түріне өткен кезде өткізіледі. Саптық байқауда қызметкерлердің саптық дайындық дағдыларын, нысанды киім кию ережелерін сақтауы, қызметтік куәліктері, лауазымдары мен шендері тексерілді. Әрбір қызметкер сыртқы киім үлгісі ұқыптылығымен ерекшеленіп, заңнаманы білуі міндетті.

А. Ерубаева

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.