A place where you need to follow for what happening in world cup

Жеңімпаздарды облыс әкімі құттықтады

896

Астана қаласында өткен Республикалық инновациялық идеялар байқауына қатысып I орынды жеңіп алған Дулати студенттерін облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қабылдап, құттықтады.

Облыс абыройын асқақтатқан студенттерімізді құттықтау барысында, химия саласының маңыздылығын баса айтты:

– Жобаны және жас ғалымдарымыздың басқа да ғылыми идеяларын жүзеге асыру маңызды. Түпкі нәтиже – жас ғалымдар мен кәсіпкерлерді тарта отырып, ғылыми жобаларды табысты іске асыру. Бұл химия өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін беретіні сөзсіз,- деді облыс басшысы. Кездесуде университет ректоры Мұхтар Байжұманов ЖОО қызметі мен студенттердің жетістіктері және шетелдік компаниялармен ынтымақтастығы туралы айтып берді. Сондай-ақ, кадр даярлау, жаңа мамандықтар ашу мәселесін де қозғап қайтты.

Бұған дейін сүйіншілеп жеткізгеніміздей «Химия және химиялық технология» кафедрасының 4-курс студенттері «Ауылшаруашылық қалдықтарынан және табиғи саздан мембраналы сүзгі дайындау» жобасымен бас жүлдені жеңіп алды. Shell және Kazenergy компаниясының қолдауымен өткен білім додасында жас ғалымдар 5 000 доллар қаржылай сыйақыға ие болды. Алдағы уақытта жобаны жүзеге асыру барысында зерттеу жұмыстарын жалғастырмақ.

WhatsApp Image 2023 10 11 at 16.17.49

WhatsApp Image 2023 10 11 at 16.17.49 1

WhatsApp Image 2023 10 11 at 16.17.49 2

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.