A place where you need to follow for what happening in world cup

«Жасыл ел» жасақтарының жазғы еңбек маусымы ашылды

313

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Облыстық «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмысын үйлестіру, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаевтың қатысуымен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жазғы еңбек маусымының ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Ашылу салтанаты қала аумағында орналасқан «Мамыр» саябағында ұйымдастырылып Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандарының «Жасыл ел» қатарындағы сарбаздағы қатыстырылды. Ашылу салтанаты аясында жастар арасында спорттық ойындар ұйымдастырылып, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтармен марапатталды. Ерлер арасында кіші футболдан, қыздар арасында спартакиада ұйымдастырылып, жеңімпаздар ашылу салтанаты қарсаңында облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев марапаттады. Сонымен қатар ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Үйсімбаев Еркін Құлымбайұлы, Жамбыл облыстық мәслихат депутаты, «Amanat» партиясы Жамбыл облыстық филиялы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Болатбек Уалихан Болатбекұлы, 2021 жылғы «Жасыл ел» жасақтарының «Үздік сарбазы» Жиенбай Нұрлан Темурұлы алғы сөз сөйлеп, жастарға сәттілік тіледі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.