A place where you need to follow for what happening in world cup

Теміртауда көп қабатты үйде газ жарылды

67

Бүгін Теміртауда Металлургов даңғылындағы  бес қабатты тұрғын үйде газ жарылды деп хабарлады turkystan.kz.

Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, үйде газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан қабаттар арасы опырылып түскен. Үш пәтер бүлінген.

«53 адам эвакуацияланды. Оның жетеуі – бала. Төтенше оқиғадан зардап шеккен 4 адам ауруханаға жеткізілген. Қазір Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 22 қызметкері мен жеті техникасы жұмыс істеп жатыр», – деп хабарлады Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.