A place where you need to follow for what happening in world cup

Таразда «Ұлы Абай әлемі – халықтың мәңгілік өшпес мұрасы» қойылым-концерті өтеді

366

Ертең Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінде А.Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орайластырылған «Ұлы Абай әлемі – халықтың мәңгілік өшпес мұрасы» қойылым-концерті өтеді. Қала әкімдігі, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі ұйымдастырып отырған әдеби кеш дана Абайдың тау сілеміндей мол мұрасын насихаттау арқылы қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, студенттердің ақын поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілігі мен құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында қолға алынып отыр.

Қойылым-концертте М.Әуезовтің «Абай» спектаклі сахналанып, өлеңдері мен қара сөздері оқылады. Сондай-ақ, көрермендер назарына колледж оркестрінің, «Шолпы» би ансамблінің  қойылымы ұсынылады. Оркестрдің сүйемелдеуімен Абай әндері орындалды. Абай Құнанбаевтың өлеңдері бойынша «Мен ішпеген у бар ма?» композициясы сахналанбақ.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.