A place where you need to follow for what happening in world cup

«Соғыс тезірек аяқталсын»: Айқын Украинаға ән арнады

13 747

Айқын Төлепберген Украина халқына ән арнап, қолдау білдірді. «Алматы Аренада» өткен концерт кезінде әнші украиналық «Океан Эльзы» тобының әндерін жанды дауыста шырқап, соғыстың тезірек аяқталуын тіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Концерт үзіндісін әнші Instagram парақшасында жариялады.

«Керемет, жанға рахат сыйлайтын кеш өтті. Барлық түскен қаржы Украинаға аударылады. Анығында, осы батыл мемлекеттің балаларына жіберіледі. Олар өз Отандарын қорғап, сыртқы агрессорға қарсы тұруда. Отан қандай болмасын, тәуелсіз елдің ішкі істеріне ешкімнің араласуға құқығы жоқ. Тіпті, біздікі сияқты елдің де. Күн сайын екі тараптың да адамдары көз жұмып жатыр. Әсіресе бейбіт тұрғындарға обал. Украина жасасын», – деп жазды Айқын.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.