A place where you need to follow for what happening in world cup

Тағылымы мол, маңызы зор кездесу

215

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы – халықаралық қоғамдық ұйым. Бұл ұйым 1992 жылы қыркүйектеөткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында құрылып, қауымдастық президиумының төрағасы болып Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сайланғаны баршаға мәлім. Содан бері дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы республикадан тысқары, шетелдерде жүрген қазақ диаспорасымен жан-жақты байланыс орнатып, тарихи отанына көшіп келген оралмандарға әлеуметтік қамқорлық жасап, қайырымдылық шараларын ұйымдастырып келеді. Қауымдастықтың еліміздегі бірқатар облыстарда бөлімшелері де бар. Ал қазіргі таңда облыста ғана емес, аудандық жерлерде де қауымдастықтың бөлімшелері ашылуда.

        Жақында аудандық Мәдениет үйінің «Коворкинг» орталығында «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Мойынқұм, Шу аудандарының басшысы, медиатор Баймбетов Нұрбол Молдақұлұлының ұйымдастыруымен «Медиация Заңы – орындалған ата-баба арманы» атты тақырып аясында ұлтқа ұстаным, ұрпаққа ұран болар берері мол дөңгелек үстел отырысы болып өтті.  Отырысқа аудандық ардагерлер, қоғамдық кеңестердің төрағалары Жамбыл Қалыбаев, Болат Сатыбалдиев, аудандық соттың төрағасы Бабырхан Абуев, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Несіпбаева, аудандық мешіттің имамы Рысбай Еспенбетов, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сержан Садуақасов, орталық кітапхана меңгерушісі Ғалия Шубаева мен кітапхана қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.                                       Алқалы жиынды медиатор Н.Баймбетов         ашып, жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде өзін қауымдастықтың Мойынқұм, Шу аудандарының басшысы екенін таныстырып,  дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының атқаратын жұмыстарының мақсаты мен негізгі міндеттеріне тоқталып өтті. Сондай-ақ бұл маңызды міндеттер мен мақсаттарды негізге ала отырып, құрылған жоспар аясында ауданда іс-шаралар ұйымдастырылу керектігін алға тартты. Ол үшін бұл жұмыстарды ұйымдастырып, жүргізетін ауданымыздан қауымдастықтың өкілін сайлап алу керек — деді ол.

Басқосуда аудандық ардагерлер, қоғамдық кеңестердің төрағалары  Ж.Қалыбаев, Б.Сатыбалдиевтер сөз алып,дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы – бұл халық үшін өте қажетті ұйым екенін тілге тиек етіп, аталмыш ұйым жұмысының жандана түсуіне қашанда қолдау білдіретіндерін жеткізді. Ал соттың төрағасы Б.Абуев:«Қазақтың ұлттық салт-дәстүрі мен өнерін жаңғырту, жастарға ұлттық мүдде, елдік бірлік төңірегінде іс-шараларды жиі ұйымдастыру керек. Сондықтан бізге осындай қоғамдық ұйымның берер құнды дүниесі мол деп ойлаймын. Сондай-ақ әр адам өзінің қоғамдық санасын жақсы жағынан жаңғыртып, ойын түзеп, көбінесе жақсы ой, жағымды жаңалықтарды көп көруі керек. Қысқасы ұлттық идеологияны дамытуымыз керек,» — деп аудандағы билер кеңесінің жұмыстары жайында және медиация заңы аясында орамды ойлары мен ұтымды ұсынысын білдірді.

             Дөңгелек үстелге қатысушылар дүние жүзі қазақтары қауымдастығының жұмысын қашанда қолдайтындарын айтып, қауымдастықтың ауданымыздағы өкілі қызметіне аудандық Сайлау комиссиясының төрағасын Сержан Садуақсов сайланды.                                               Басқосуды медиатор НұрболБаймбетов қорытындылады.

Уалихан ЖАЙЛАУ,

Мойынқұм ауданы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.