A place where you need to follow for what happening in world cup

Жұмыс іздесең – жәрмеңкеге кел

126

Өткен аптада аудандық мәслихат ғимаратының фойесінде аудандық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жұмыссыздар есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыруды  мақсат тұтқан осы шараға бірқатар жұмыс ұсынған мекеме, кәсіпорындардың өкілдері қатысып, өздеріндегі бос жұмыс орындарын таныстырды. Жәрмеңкені орталық директоры Бақыткүл Қалымбетова кіріспе сөзбен ашып, оның мақсаты, жұмыссыз жандарға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек- қолдаудың түрлері жайлы айтып өтті.

Содан соң аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Н.Кайпов, жұмыспен қамту орталығының сектор меңгерушісі С.Нәметхан сөз алып, атаулы әлеуметтік көмек, жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін жастарға, көп балалы, аз қамтылған отбасыларға берілетін қайтарымсыз грант туралы хабардар етті.

Жәрмеңкеге 55 жұмыс беруші қатысып, 81 бос жұмыс орындарын ұсынды.  Жәрмеңкеге келген 112 жұмыссыз жандардың 75 тұрақты жұмысқа, соның ішінде қысқа мерзімді оқуды аяқтаған 10 азамат тұрақты жұмысқа жолданды.

 

Жолдыбай ДӘМЕТОВ,

Мойынқұм ауданы

Суретті түсірген автор.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.