A place where you need to follow for what happening in world cup

Шулықтар дендеген дертпен көп болып күресті

179

Өткен жыл еліміз үшін де, бүкіл  әлем үшін де оңай жыл болған жоқ. Бүкіл әлемде коронавирус пандемиясы белең алды.  2020 жылдың қорытындысы бойынша Шу ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 344-ті құрады.

Қазіргі уақытта, барлық дәріханаларда 2 айлық дәрі-дәрімектердің қоры жасақталып, денсаулық сақтау мекемелеріндегі өкпені жасанды желдету аппаратының (ИВЛ)  саны 15 данаға жеткізілді. Дәріханалардағы бір реттік бетперделердің бағасы 3 есеге төмендетілді.  Демеушілер тарапынан 52,5 млн теңгеге медициналық қажеттіліктер алынды.   Каспий банктің демеушілігімен ауданға 4 жедел жәрдем көлігі берілді. Төле би ауылындағы жаңа емхана ғимараты (304,3 млн. тг) пайдалануға берілді. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде Шу қалалық ауруханасында құны 412,0 млн теңгені құрайтын компьютерлік томмография кабинеті ашылды.

Коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдайлар кезінде барлығы 43 080 адамға 42 500 теңгеден  жалпы сомасы 1,5 млрд теңге көмек көрсетілді. Әлеуметтік осал топтағы 8 583 азаматқа коммуналдық төлем үшін 257,5 млн теңге төленді.

Біршама қиындықтарға қарамастан, жыл қорытындысымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында серпін сақталды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.