A place where you need to follow for what happening in world cup

ҚАЖ қызметкерлері Отан қорғаушылар күнін атап өтті

1 198

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы барлық жеке құрам қызметкерлерін 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесімен құттықтады.

 Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Ер азаматтарымыз — өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Құрметті біздің ардагерлер және қызметкерлер, Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілеймін – дей келе құттықтау сөз кезегін, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ардагері Амиролла Ибатуллаевичке ұсынды. Өз сөзінде Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілеймін, – деді департамент бастығы.

Аталған мерекелік іс-шара барысында алғашқы кезекті әділет лейтенанты арнаулы атағы Кусемисов Әділжан Ғалымжанұлына, Манап Меруерт Нұрғалиқызына, Саматұлы Нұрсұлтан, Бекмолдаев Бексұлтанға табыс етілді, ҚР ІІМ-нің “Қылмыстық — атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін “ ведомствалық медалімен әділет подполковнигі Ортаев Бекзат Оразалыұлы және Жамбыл облысы әкімдігінің Құрмет грамотасымен және алғыс хатымен әділет старшинасы Секербеков Насырулла Жайнарбекұлы, Жарасов Сауран Жетпісбайұлы, Есембаев Дихан Мадиханұлына табыс етіліп, ҚАЖ департаментінің құқығымен
Әділет сержанты Маратов Нұрбек Маратұлы марапатталып алғыс хаты табыс етілді. Жиын соны мерекелік концертпен аяқталды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.