A place where you need to follow for what happening in world cup

Тұрғындар мәселесі аудан әкімінің назарында

168

Шу ауданының әкімі Нұржан Календеров ағымдағы жылдың 28 қаңтарынан бастап Шу қаласы мен барлық 18 ауылдық округте халық алдындағы есеп беру кездесулерімді өткізді. Кездесулер барысында тұрғындар тарапынан 94 мәселе көтерілген. Бұл туралы аудан әкімі Нұржан Календеров аудан тұрғындары алдында берген қорытынды есебінде мәлімдеді.

– Оның ішінде, 23 мәселе шешімін тапты, 54-не түсіндірме жауаптары беріліп, консультациялық көмектер көрсетілді, 31-і бақылауға алынып, бүгінгі таңда тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Өткен жылы аудан аумағындағы  барлық   елді-мекендерде  жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізілген болатын. Бірқатар ауылдық елді-мекендерге арнайы сала өкілдерін тарта отырып қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылды. 2020 жылы өткізілген жеке және қоғамдық қабылдаулар мен әлеуметтік желілер арқылы жалпы 245 азамат жеке сұрақтарымен жүгінді. Оның ішінде 181 азаматтың (74%) мәселесі шешімін   тауып, 45-не (18%)  түсіндірме жауаптары берілді, 22-і (8%) тұрақты бақылауға алынды, – деді аудан әкімі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.