A place where you need to follow for what happening in world cup

Сенім мен бірлік бәрін жеңеді

365

Тамыры сонау Сақтардан бастау алатын Ұлы даланың рухты ұрпақтары талай соғыстарды басынан өткеріп, талай жаулармен текетіреске түсті. Қаншама жылдар, қаншама ғасырлар өтті. Бірақ, мақсат пен мүдде өзгермеді. Ол — ұлан-байтақ қасиетті жерді қорғап, мәдениетін сақтап қалған ата-бабаларымыздың арқасы.

Қазақ мәдениеті — жан- жақты мәдениет. Ұлы даланың хандары мен билері, батыр- лары мен сарбаздары, тарих мұңын жоқтаған жыраула- ры, сөз саптаған шешендері болған. Соған орай халық әрдайым батырларын, ақындарын, шешендерін шексіз құрметтеген. Есімдері алтынмен жазуға тұрарлық асылдарымыздың арқасында тарихымыздың тамырын суалған жоқ.

Ұлы даланың ұлағаты — ежелгі сәулет өнері. Мәселен, Жамбыл облысы — еліміздегі тарихы ең бай өлкелердің бірі. Дәл осы өңірде Талас пен Шу өзендерінің бой- ында Жәнібек пен Керей сұлтандар қазақ хандығының іргесін қалады. Сондай-ақ, облыс орталығы болып та- былатын Тараз шаһарында Қарахан, Айша бибі, Бабаджа хатун, Дәуітбек, Тектұрмас сынды бабаларымыздың кесенелері бар. Тек бұлар ғана емес, осынау тарихы тасқа, шежіресі құмға сіңген киелі өлкеде ежелгі дәуірлерден, орта ғасырлардан жеткен ұзын-саны 1000-нан асып жығылатын тарихи-мәдени мұралары тағы бар.

Осыған орай, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жо- басын жасау туралы айтқан еді. Жалпы, қасиетті жерлер — көне өркениеттің бізге жет- кен мұрасы. Біз осы дәстүрді одан әрі қарай жалғастырып, ертеңгі ұрпаққа жеткізуге тиіспіз.

Мәңгілік еліміздің осы бір тарихи даму тұсындағы міндет — мәдени мұраларымызды заманға сай дамытып, жас ұрпақтың санасына сіңіру және жаңартып отыру. Қанымыз бен жанымызға тән тарихи және рухани мұраларымызды көзіміздің қарашығындай сақтап, асылымыздай ардақтасақ, Ұлы даламызға деген ұлы құрметіміздің айғағы сол болмақ…

Н.ШОЛПАНБАЕВА,

аудандық орталықтандырылған кітапхананың ақпараттық библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.