A place where you need to follow for what happening in world cup

Кезектен тыс сессия

179

Үстіміздегі аптаның дүйсенбісінде жетінші шақырылған Шу аудандық мәслихатының кезектен тыс алпыс бірінші сессиясы өтіп, оған депутат Нұржан Қадырбеков төрағалық етті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Жақсыбаев қатысты.

Атап өтерлігі,  облысымызда енгізілген карантиндік режимге байланысты сессия «скайп» желісі арқылы қашықтан өтті.

Күн тәртібінде белгіленген мәселеге сай ««2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы №57-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «2020 жылы ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» алғашқы екі тақырып бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Р.Әлжанова хабарлама жасады. Келесі болып ««Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 29 наурыздағы №44-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.Керімбаева баяндама жасады.

Көтерілген әр мәселені мұқият қараған депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.