A place where you need to follow for what happening in world cup

Ерлігін үлгі етейік

314

Он шақты жылдай бұрынырақ Шу ауданының орталығы Төле би ауылында тұратын С.Бақтымбетовтың екінші жаһандық соғыс кезеңінде бандылармен күрескенін таныстарым ара-тұра тілге тиек ететін. Аса қызығушылықпен анық-қанығын білу мақсатында құлағы ауырлау естісе де 90 жасқа жақындағанмен жүрісі ширақтау, орта бойлы, сары жүзді ақсақалға арнайы жолығудың сәті түскен еді. Бақтымбетұлы Сәрсенбайдың өз ау- зынан естіген естеліктерін қаз-қалпында баяндасам:

— Мен 1920 жылы 15 мамырда қазіргі Мойынқұм ауданының Бірлік ауылында дүниеге келіппін,-деп бастап еді әңгімесін Сәрсекең.

— 1938 жылы Новотроицкіде (қазіргі Төле би ауылы) қазақ орта мектебін тәмамдап, Көктерек ауылындағы жер бөлімінде хатшылық қызметке орналастым. Бір жыл өтпей жаңадан құрылған Көктерек аудандық атқару комитетіне нұсқаушылық қызметке көтерілдім. Көп кешікпей Ұлы Отан соғысы басталысымен қатарларымнан қалыспай майданға сұранып жүрген маған Көктерек ауданындағы НКВД-ның бастығы Ша- рипов «Ауданда халыққа қызмет етуге сендей азаматтар да керек, ішкі істер бөліміне жұмысқа аламыз. Облыс орталығындағы сараптама- дан өтіп кел» деп Жамбыл қаласына жіберді. Дәрігерлік сараптамадан ойдағыдай өтіп, Алматыдағы екі жылдық милиция мектебін жеделдете бір жарым жылда аяқтап, 1942 жылдың 6 мамырында Шу ауданының ішкі істер бөліміне учаскелік инспектор қызметіне тағайындалдым. Өздеріңе де мәлім шығар, ол кезде техника деген аспандағы аймен тең, қиын-қыстау аласапыран соғыс кезеңі. Қызмет бабында жүріп- тұруыма мініс аты берілді. Қарамағымдағы 5 ауылдық советке, олар- ды тарқатып айтсам: Жаңа Шу ауылдық советіндегі – Жданов (қазір ол ауыл жоқ), Ақсу, Калинин (қазіргі Ақсу ауылы), Кагонович, Ди- ханбереке, 1- май колхозы (үшеуі қазіргі Оразалы батыр ауылы) және Көкқайнар. Ескі Шу ауылдық советіндегі — Еңбекші, Арал (Еңбекшінің ар жағындағы ауыл болатын), Ынталы, Белбасар, Новый путь (қазіргі Жаңа жол ауылы), Бірлікүстем, Жаршапқан (бұрынғы Күнту ауылы ескі көпір маңы). Панфилов ауылдық советіндегі – Қарауыл төбе, Чкалов колхозы, (Тарылған өзенінің шығыс жағында), Үңгірлі (Тасөткел өзені бойында). Жаңа қоғам ауылдық советіндегі-Қарауыл төбе, Кербұлақ (Жайсанның Теректі өзенінің бойындағы ауылдар). Кеңес ауылдық советіндегі – Мерецкий, Ақтасты, Көктасты, Талапкер (қазіргі Балу- ан Шолақ, Бөлтірік, Бәйдібек ауылдары) ауылдарымен қоса, Тоқташ өзені бойындағы сол кездегі жекеше Қырғызстанның Шабырына таяу жоғарғы орыс, төменгі қазақ қыстақтарының тұрғындарына күндіз- түні аттан түспей қызмет еттім. Көмекшіге адам да берілмеді. Ауыл- ауылдардан сенімді серіктестер тауып, жаныма ертіп жүретін бол- дым. Бірлі-екілі жолаушыларға өте қауіпті кезең болатын. Өйткені, соғыстан қашқандар мен ауыр қылмыс жасап, бой тасалап жүргендер Шу өзені бойының қалың қамыстарын паналап, бейбіт тұрғындарға айтарлықтай қауіп төндіретін. Сондай-ақ, олардың жасырынатын жерлері Қордай ауданымен іргелес жатқан Қақпатас өзені еді. Қазіргі Тасөткел су қоймасының орнында көршілес Көктерек ауданының Ча- паев, Фрунзе, Жамбыл атындағы колхоздарының тұрғындары малда- рымен қысы-жазы жайлап, ауыл-ауыл болып отыратын.

Бандылар көбейіп, ырыққа көніңкіремей бара жатқан соң, сол кездегі Қазақ ССР Ішкі істер министрінің орынбасары Қажымұратов арнайы келіп, учаскемде 15 күн болып, маған қосымша көмек ретінде көптеген адамды топтастырып берді. Соның нәтижесінде біз қылмыскерлерді қоршап, қаруларын тастатып, тұтқынға алып, қырғызстандық бандыларды қорап арбамен Фрунзе (Бішкек) қаласына апарып, қазақстандықтарды Қордай, Шу арқылы тиесілі орындарға жеткізіп отырдық. Сол кездері «1 май колхозы» мен «Ди- Сөзі: Қ.Орманқұловтікі. Әні: Н.Мырзақұловтікі. Адамның заман заңғар тәлімгері, Жүреді еске алып бәрінде елі. Ерлігің сан ғасырға жалғасады, Қазақтың ел қорғаған жауынгері. Қайырмасы Отаны қастерлеген қаһарманын, Еске алып сансыз жорық, сапарларын Халқының намысынан жаратылған, Ел-жұрты ұмытпайды батырларын. Жанына жақсылықтың жақын бәрі, Жетеді сан ғасырға даңқың әлі Жасампаз жеңістерге жол бастай бер, Бағына туған елдің хас ұлдары. Тарихтың талабында таласың бар, Мәңгілік батыр боп қаласыңдар Қуантып, қуат беріп жүріңдерші, Азайып ардагерлер барасыңдар. ханбереке» ауылы маңындағы Шу өзені өткелінде паром қатынайтын. Дәл қай мезгіл екені есімде жоқ, кемешінің үйінде тынығып жатқанбыз. Түн ортасында арғы беттен кемешіні шақырған дауыстар естілді. Кемеші 5-6 аттыны жағаға жақындатқанда-ақ олар ытқынып шығып, аяқ астынан атыс басталды да кетті. Біздің қатардан соғыстан жаңадан келген татар жігіті оққа ұшты. Калашников деген учаскелік инспектор, тағы екі-үш жолдасыммен бандылардың үш адамын атып түсірдік, қалғандары бас сауғалап қашып, құтылып кетті…

Бірде мынадай оқиға болды. Көкқайнардан түс қайта шыққанмын. Артымнан бір ат арба ілесті де отырды, қалатын емес. Әлгілер «Сәрсенбай, тоқта, саған сыйлыққа қой әкеле жатырмыз. Атыңнан түсіп арбаға мін, бірге барамыз» деп шақырды. Өзі жалғыз емес сияқты. Бұрындары алдап арбаға мінгізіп, бір учаскелік инспек- торды өлтірген оқиға болғандығы есіме түсіп, арбадағыларға «Қойларыңды алсам, біреулер көріп қояды, күн бата осы маңда кездесейік» деп, айлаға көштім. Қараңғылықты пайдаланып үш- төрт таныс кісілердің көмегімен «екі қой бергіш қылмыскерді» ұстадық….

Айта берсем, басымнан неше түрлі оқиғаны өткердім. Сол кездегі Шу аудандық НКВД-ны Тоқпанов басқаратын, ал милиция бастығы Малышев болатын. Алла Тағала сақтап, бала-шағамның да көрер жарығы шығар, небір қауіп- қатерден аман қалдым. Қызмет бабына сәйкес, 1942-47 жылдары Ақсу ауылында тұрдым. Қыстың қақаған аязы мен шілденің аптап ыстығында күндіз-түні аттың үстінде жүргендіктен, денсаулығыма әсер етіп, құлағым естуден қалды. Осыған байланысты ішкі істер органындағы қызметіммен 6 жыл өткен соң қоштасуға тура келді.

1947-51 жылдары Ақсу, Чкалов колхоздарында, Шу астық қабылдау пунктінде партком хатшысы, одан кейін де сан-салалы қызметтерде барлығы 40 жылға жуық хәл-қадірімше халыққа қызмет еттім. 1980 жылдан құрметті демалыстамын. Құдай қосқан қосағым Әртаймен 7 ұл-қыз тәрбиелеп өсірдік. Ұлым Әбілда Жам- был облыстық Қазынашылық банкті басқарса, қызым Әсия аудандық ауруханада жауапты қызмет атқарады. Ал, кенже ұлым Ерсін Ауған соғысының ардагері, ерлігінің арқасында бірнеше алғыс хат, медаль- дармен марапатталған. Қалғандары еліміздің игілігі жолында шамала- рынша еңбектенуде. Өкініштісі, жұбайым Әртай мен ұлдарым Серік пен Байділдә ертеректе қайтыс болып кетті. Құдайға шүкір демекпін, жасым тоқсанның табалдырығына табан тірер шақта 20 шақты немере мен онға жуық шөбере сүйіп отырмын. Үкімет тарапынан қажырлы еңбегім бағаланып «Жуков», «Фашистік Германияны жеңгені үшін», «Соғыс кезіндегі ерен еңбегі үшін», «Жеңістің 30, 40, 50, 60 жылдығы» медальдарымен ұлықталдым. Елбасы Н.Назарбаевтан құттықтау хат алдым»-деп еске алды ақсақал.

2011 жылы тамыз айында қайтыс боларынан бір жылдай бұрын ба- сынан өткерген тағылымды да қызықты әрі шынайы өмір-деректерімен бөліскен Бақтымбетұлы Сәрсенбай ақсақал арамызда аман-есен тірі жүргенде 15 мамырда ғасыр табалдырығын аттап, 100 жасқа тола- тын еді. Аудан басшылары мен ономастикалық комиссияның наза- рына ұсынсам артық емес шығар. Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңінде 20-дан астам елді мекендер тұрғындарының амандығы мен тыныштығын сақтау жолында қысы-жазы, күндіз-түні тыным таппай аттан түспей, тіпті соғыстан қашқан қылмыскер-бандылармен де жан аямай күрескенін ескеріп, жоғарыдағы өзі қызмет еткен ауылдардың бір көшесін Сәрсенбай ақсақалдың есімімен неге атамасқа?!

Ағымдағы жылы Шу ауданының құрылғанына (1930 жыл 23 шілде) 90 жыл толуы қарсаңындағы бұл игі шара өскелең ұрпақтарымызды ұлтжандылыққа тәрбиелеумен қатар, ішкі істер органының қызметкерлеріне де айтарлықтай үлгі-өнеге болар еді!

Мәкен УАҚТЕГІ,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі,

Шу ауданының Құрметті азаматы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.