A place where you need to follow for what happening in world cup

Отбасындағы келіссөздің маңызы қандай?

804

Қоғамның діңгегі мен темірқазығы отбасы. Шаңырақтың шайқалмауына, балалардың бүтін отбасында өсуіне әр адам мүдделі болуы қажет. Әйтпесе, екіге бөлінген әрбір неке қоғамда түр тәрбиенің көмескіленіп, мейірім, кешірім сұрау мәдениетінің азайғанын дәлелдемек. Осы мақсатта Жамбыл ауданында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы шеңберінде «Елу жылда-Ел жаңа» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен бірлескен іс-шара өтті.” Келіссөздер процесінің негіздері, медиация және медиативтік құзыреттілік, жанжалдағы мінез-құлық туралы” атты жиынға жауапты мамандар жиналып, түйінді мәселенің шешу жолын қарастырды.
Сандық дерекке сүйенсек, соңғы бес жылда 700 мыңнан астам отау тігіліп, жанұя құрылса, соның 200 мыңдай шаңырағы ажырасумен аяқталған. Бұл отбасын ең бірінші орынға қойған қазақ үшін үлкен қасірет. Осы мәселенің алдын-алу үшін елімізде сотқа келген дау-дамайлар мен арыз-шағымдарды медиациялық жолмен шешу жолдары қарастырылған. Аталмыш семинар барысында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мен ажырасу мәселелерінің туындау себебі және оның алдын қалай аламыз деген сауалдарға жауап беру үшін арнайы мамандар психолог, «Бітімгер-Тараз» медиациялық орталығының медиаторы И.Федорова, медиатор, қоғам белсендісі Н.Амирова, Жамбыл ауданының қоғамдық медиаторы С.Даулбаева шақырылған. Одан бөлек Жамбыл ауданы аналар кеңесі, іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы және аудандық полиция бөлімі мен орталық ауруханадан арнайы мамандар, әлеуметтік мамандар да осы отырыстан орын тапты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамның барлық саласында медиацияны дамыту қажеттігіне баса назар аударған болатын. Бұл бағытта нақты ауданда біршама жұмыстар да қолға алынған көрінеді Сарапшылардың айтуынша, медиация рәсімдері кез келген даудың алдын-алуға көмектеседі. Тіпті, жағдай қиындағанда бәрін жанжалсыз, даусыз шешуге және қос тараптың келешектегі жақсы қарым-қатынастарын сақтап қалуға жол ашады. Айта кетейік, ауданда «Тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы қылмыстарды алдын алу» акциясы басталды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.