A place where you need to follow for what happening in world cup

Мәселені медиактивтік жолмен шешу маңызды

893

Қазақ әуелден-ақ сөзге тоқтаған халық. Дау болса билер мен қазылар шешіп отырған. Ал бүгінгі медиация – дау-дамайды ушықтырмай, сотқа дейін келісімге алып келуде маңызды рөлге ие. Бұл біріншіден, соттардың ісін жеңілдетеді. Екіншіден, қоғамдағы саяси морлальдік ахуал реттеліп, адамдар арасындағы кешірімшілдік пен ауызбіршілік сияқты құнды қасиеттеріміз жанданады
Осы мақсатта Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырмасы аясында Абай колледжінде “Мәселені медиактивтік жолмен шешу маңызды” тақырыбында іс-шара өтті. Лекция барысында медиатор Ирина Федорова тақырып жайлы ақпарат беріп, екі жақты бір-бірімен татуластыру үлкен мәселелерді шешуге жол ашатынын бас айтты. Іс-шараның басты мақсаты студенттердің әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру және тәрбиелеуде медиацияның маңызын түсіндіру. Жиынға қатысқан медиаторлар жастарға, білім алып жатқан студенттерге медиацияны меңгерудің маңыздылығы зор екенін айтты. Себебі ел жастары мен жасөспірімдерді бұл салаға бейімдеу көптеген мәселенің оңтайлы шешілуіне мүмкіндік береді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.