A place where you need to follow for what happening in world cup

Онлайн байқаудың жеңімпаздары анықталды

254

Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Oqy, tap» облыстық онлайн байқауы ұйымдастырылды.
Байқау мақсаты – оқушылардың көркем шығармаларды оқу арқылы рухани және зияткерлік әлеуетін дамыту, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Облыстық онлайн байқаудың шарттарына сәйкес бірінші кезеңде қатысушылар оqy-tap.kz сайтында көркем шығарманың авторын, үзіндінің қай тараудан алынғанын көрсетсе, екінші кезеңде көркем шығарма бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, соңғы кезеңде оқушылар көркем шығарма негізінде эссе жазды.
Білімділер бәйгесіне облыс бойынша 1327 оқушы тіркеліп, 3 кезеңнен жоғары ұпай жинаған 20 оқушы жеңімпаз және 8 оқушы түрлі номинация иегері атанды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.