A place where you need to follow for what happening in world cup

Оқушылар арасында ашық пікірсайыс турнирі өтті

205

Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық «Жамбыл дарыны» орталығы және облыстық «Жас Ұлан» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясында «Ұшқыр ой алаңы» облыстық пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирге облыс бойынша 48 фракция қатысып, бақ сынады. Американдық парламенттік форматта өткізілген сайыс барысында өзекті тақырыптар талқыланып, оқушылар шешендік шеберліктерін көрсетті.

Тартысты турнир нәтижесінде, 1-лигада І орынды Тараз қаласындағы №49 мектеп гимназиясының «За нами Жамбыл» командасы жеңіп алды. Жүлделі ІІ орынды Байзақ ауданындағы Ақшабаев орта мектебінің «Шантарам» командасы, ал ІІІ орынды Жамбыл ауданындағы Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің «Алау» тобы иеленді. 2-лигада Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-интернатының «Дегдар» командасы жүлделі І орынды жеңіп алса, Тараз қаласындағы Ә.Әйтиев орта мектебінің командасы ІІ орынды, ал Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-интернаты «Парасат» командасы ІІІ орынды қанағат тұтты.

Пікірсайыста белсенділік танытқан барлық қатысушыларға сертификаттар табысталып, жеңімпаз командалар диплом және кубоктармен марапатталды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.