A place where you need to follow for what happening in world cup

Музей — тарих қоймасы

351

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы әрбір азаматтың ой-санасына соны серпін бергені анық. Бұл Елбасы ұсынған жаңғыртулар қазақстандықтарды сан ғасырлық тарих пен мәдениеттегі, ұлттық сана-сезім мен білім саласындағы реформаға бастайды. Әрбір сөздің түбіріне терең бойлаған адам баба- лардан мирас болып қалған ұлттық құндылықты көздің қарашығындай сақтай отырып, ұлттық рухты жаңғырту қажеттілігін түсінеді. Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің бір сөзінде еліміздегі музейлер туралы «…Көненің көзіндей, тарихтың өзіндей болған жәдігерлерді жинақтап, жүйелеу, оларды келешекке сақтап жеткізу, өзге жұртқа барымызды көрсетіп насихаттау — абыройлы міндеттің бірі», -деп атап өткен болатын. 1992 жылдың 2 шілдесінде қабылданған ҚР «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану ту- ралы» Заңында музей мәселелері де назардан тыс қалмаған. Қазақстан музейлерінің картасында музей- лер республикалық, мекемелік, облыстық, қалалық, аудандық деп бөлінген. Осы аталған му- зейлер өз бағыттарына қарай ерекшеленеді. Мысалы, тарихи- өлкетану, мемориалдық, бейне- леу өнері, тарихи-мәдени қорық, әдеби, археология, этнография т.б. болып жіктеледі. Олардың бағыты әртүрлі болғанымен, міндеті бірдей белгіленген бес бағыт бой- ынша жүргізіледі. Оларға қорлар жинақтап, зерттеп, оны экспозиция- да көрсету жұмыстарын жан-жақты өрбітумен қатар, келушілерге мәдени-ағарту бағыттарында қызмет көрсету жатады. Мәдениеттің маңызды сала- сы ретінде музейлерге кез келген қоғамда ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық, халықтың өз тарихи тамырын танып, білуінде зор қызмет атқаратын бірден- бір мекеме ретінде ерекше орын берілген. Өйткені тек музейлер- де ғана халықтың әр замандағы тұрмыс-тіршілігінің заттай айғақтары жинақталып, сақталады. Музейлердің атқарған қызметі бой- ынша бір жылдық сараптама жасау мүмкін емес. Оның өткен тарих пен қазіргі тарихты, материалдық және рухани байлықтарды жинақтау, сақтау, ғылыми тұрғыда сарап- тап, құжаттау жұмыстары ұзақ уақытты талап етеді. Үздіксіз дамып жатқан адамзат тарихын- да құбылыстар мен өзгерістерді ғылыми түрде құжаттап, халық санасында қалдырудағы, ұлттық мәдениеттің атқарар қызметі зор. «Музалар ғибадатханасы», «ескілікті сақтаушы» немесе «көне құндылықты сақтайтын орын» деген мағынаны білдіретін музейлердің негізгі міндеті — жас ұрпақты тәрбиелеу, ұлт тарихын тереңдеп таныту.

А.Берденова, аудандық тарихи-өлкентау музейінің меңгерушісі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.