A place where you need to follow for what happening in world cup

Мереке қарсаңында 130-ға жуық әйел-полицейлер марапатталды

224

Жамбыл облысы Полиция департаменті 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай 130-ға жуық әйел-полицейлерді құттықтады. Мерекелік салтанатты марапаттау рәсіміне облыстық департамент аппаратының жеке құрамында қызмет ететін әйел полицейлер және ІІО әйел-ардагерлері арнайы шақыртылды.
Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Құрымбаев шараны салтанатты түрде ашып, Ішкі істер министрінің нәзік жанды әріптестеріне арнаған құттықтауын жеткізді. Р.Құрымбаев өз құттықтауында, текті де қайсар қазақ әйелдерінің ерлерден кем түспейтін ерлік әрекеттерін айтып, тарихқа шолу жасай келе, бүгінгі қоғамдағы нәзік жандылардың жауапты қызметтер атқарып отырғанын айтты. Әсіресе Ішкі істер органдарында ерлермен иық тіресе қызмет атқарып жүрген азаматшалардың темірдей төзіміне құрметін білдірді. Оларға мықты денсаулық, отбасыларына амандық және жұмыстарына сәттілік тіледі.
Шара барысындағы шенді аруларды марапаттау рәсімінде, Ішкі істер министрінің бұйрығымен 6 қызметкер марапатталса, сондай-ақ, Департамент бастығының бұйрығымен облыстық департамент аппаратының жеке құрамында қызмет ететін 130-ға жуық әйел қызметкерлер алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.


Атап айтсақ, ҚР ІІМ-нің бұйрығымен Меркі аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция қызметін ұйымдастыру бойынша аға инспекторы полиция майоры Д.Омарова «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен, Облыстық департаменті Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі С.Райымбекова «Құрмет грамотасымен», Тараз қалалық Полиция басқармасы ЖПҚ кәмелетке толмағандар ісі бойынша аға учаскелік инспекторы полиция майоры Ш.Юсупова II- дәрежелі «ІІО үздігі» төсбелгісімен, Жуалы ауданы полиция бөлімі анықтау тобының анықтаушысы полиция капитаны М.Орынбек ІІМ-нің грамотасымен марапатталса, Тараз қалалық Полиция басқармасы 2-полиция бөлімінің ақпарат және байланыс тобының инспекторы полиция капитаны А.Алмерекова мен осы басқарманың криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты З.Егембердиеваға Алғыс жарияланды.
Сонымен қатар, Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен Жамбыл ауданы полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы полиця капитаны Н.Жумкин, Талас ауданы полиция бөлімінің ақпарат және байланыс тобының аға инспекторы полиция аға лейтенанты А.Ахатбекова, Байзақ ауданы полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы полиция аға лейтенанты М.Умирбековаға арнайы ПД қолсағаттары берілді. Бұдан бөлек, ПД грамотасымен 25 және алғыс хатымен 88 әйел-қызметкер марапатталды.
Мерекелік іс-шараға сыйлы қонақ ретінде шақырылған отставкідегі ІІО-ның әйел ардагерлеріне Департамент басшылығы ерекше құрмет көрсетіп, алғыс хаттарын табыс етті.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.