A place where you need to follow for what happening in world cup

Тараздық әйел-полицейлерге алғыс жарияланды

213

Тараз қаласы Полиция басқармасы бастығының уақытша міндетін атқарушы полиция полковнигі Талғат Татенов әйел қызметкерлерді 8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап, марапаттады.
Марапаттау шарасында Тараз қаласы Полиция басқармасы бастығының бұйрығымен 59 әйел қызметкерлеріне «Алғыс» жарияланды. Сонымен қатар, қаладағы қоғамдық істерге белсене атсалысып, нәтижелі үлес қосқаны үшін Тараз қ. ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналдық полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция майоры К.Садырова Тараз қаласы Әкімінің Құрмет грамотасымен, құқық қорғау органдарында көп жылғы жемісті еңбегі үшін Тараз қ. ПБ заң тобының заңгері Э.Стамқұлова Тараз қаласы Мәслихатының Алғыс хатымен, Тараз қ. ПБ әкімшілік полиция бөлімінің аға инспекторы полиция майоры А.Қылышбаева Тараз қаласы Әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Сондай-ақ, Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және қызметте жеткен жетістіктері үшін Тараз қ. ПБ байланыс және ақпарат бөлімінің аға инспекторы А.Кужебаева және Тараз қ. ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналдық полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Ж.Ишанқұлова ПД Грамотасына ие болды. Мерекеге орай көрсеткен қолдауы мен өзара әрекеттестігі үшін Тараз қ. ПБ 1-ПБ психологы А.Абдрахмановаға Тараз қ. ПБ бастығының атынан «Алғыс хат» табысталды. Одан бөлек, бірнеше қызметкерге арнаулы атақ пен сыныптық біліктілік төс белгілері берілді.
Сонымен қатар,Тараз қаласы Полиция басқармасында көп балалы аналар мен тұрмысы төмен отбасыларына материалдық көмек беру дәстүрге айналған. Мереке қарсаңында, Тараз қаласы Полиция басқармасында ерікті жалданушы ретінде жұмыс жасайтын осындай әйел қызметкерлердің отбасына азық-түлікпен көмек көрсетіліп, гүл шоқтары табыс етілді.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.