A place where you need to follow for what happening in world cup

Мектептердегі жөндеу жұмыстары неге баяу?

109

Апта басында өткен аудан әкімі аппаратының кезекті отырысын аудан әкімі Мәден Мұсаев жүргізді. Онда Жұмыспен қамту орталығының директоры Б.Қалымбетова «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша ауданда жұмысқа тартылған жұмысшылардың саны 76,6 пайызға жеткенін атап өтті. Ал бұл жаман көрсеткіш емес. Дегенмен әлі де болса базаға 52 азамат енбей отыр.

Білім бөлімінің басшысы Ж.Жазықбаев аудан мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығы жайлы айтты.  Оның айтуынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша және мектептердің ағымдағы жөндеу жұмыстары 15 тамызға  аяқталады деп отыр. Тек Қ.Сәтбаев атындағы мектептің күрделі жөндеу жұмыстары баяу жүргізіліп отырғаны белгілі болды. Сондай-ақ бірнеше мектептің қазандықтары да әзірге қысқа даяр емес көрінеді.

Аудан әкімі М.Мұсаев аталған бағдарлама бойынша тиісті азаматтар түгелдей жұмысқа тартылуы керек екенін қадап айтты. Ал мектептерді жаңа оқу жылына дайындауда кемшіліктердің барын сынға алды. Мектептердегі жөндеу жұмыстарын түгелдей 15 тамызға бітіру, ал Қ.Сәтбаев атындағы мектептегі күрделі жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына дейін бітіруді білім бөлімінің басшысы Ж.Жазықбаевқа тапсырды. Сондай-ақ мектеп қазандықтарының дайындығы да тағы бір еске салынды. Мектептердің оқу жылына дайындығына ауыл, ауылдық округ әкімдері де тікелей жауап беретінін ескертті.

Отырыста аудандағы тазалық, ауыз су мәселесі де қаралып, бұл мәселелер бойынша ауыл, ауылдық округ әкімдері мен аудан әкімдігінің тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басышысы Ж. Исақовқа нақты тапсырмалар берілді.

С.Абылашұлы,

Мойынқұм ауданы.

Суреті түсірген А.Әлтай.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.