A place where you need to follow for what happening in world cup

Мектепте оқу жылы 2 аптаға ұзарды

5 122

Оқу-ағарту министрлігі орта мектептерде оқу жылын 2 аптаға ұзарту туралы шешімін бекітті деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Оқу-ағарту министрлігінің аппарат жиналысында жаңа оқу жылының ұзақтығы бірінші сынып оқушылары үшін – 35 оқу аптасын, 2-11-сыныптар үшін 36 оқу аптасын құрайтындығы жарияланды», – делінген хабарламада.

Оқу жылы ішіндегі демалыс мынадай болады:

– күзгі демалыс – 7 күн (2022 жылдың 31 қазаны мен 6 қараша аралығы);

– қысқы демалыс – 9 күн (2022 жылдың 31 желтоқсаны мен 2023 жылдың 8 қаңтары аралығы);

– көктемгі демалыс – 9 күн (2023 жылдың 18-26 наурызы аралығы).

1 сыныптарда 7 күн қосымша демалыс қарастырылған (2023 жылдың 6-12 ақпаны аралығы).

Ал жазғы демалыс 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін болады. Оқу-ағарту министрінің бұйрығы тіркелу үшін Әділет министрлігіне жолданды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.