A place where you need to follow for what happening in world cup

Кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысты

178

Бүгінгі кезеңде қай іске де кәсіби көзқарас қажет. Үнемі үздіксіз алға даму үстіндегі бүгінгі қазақстандық қоғам талабы, жұмысшы мамандығына деген көзқарас түбірінен өзгерді десе де болады. Бүгінде өндірістің кез-келген саласының көсегесін өздері таңдаған мамандықтарын кәсіби тұрғыдан жан-жақты меңгеріп, озық технология мен қазіргі замандағы техника тілін жетік білетіндер ғана көгерте алады.

Сондықтан да, өндіріске қажетті мамандар әзірлеу деңгейін көтеру, оның сапасын арттыру қажеттілігі туып отыр. Бұл міндет ендігі жерде әлеуметтік серіктестік және теория мен практиканың үйлесімділігі негізінде жүзеге асырылмақ.

Елбасымыздың «Жұмысшы жастар – болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер»,-деп айтқан сөзі  қазіргі таңда экономикамыздың иннова-циялық сұранысына орай мамандар даярлау мәселесі өзінің өзектілігін көрсетіп отыр. Өйткені маманның қажетті білімділігімен қатар колледж бітірушілердің біліктілігін аумақтық еңбек нарығы мен халықаралық кәсіби шеберлік стандартына сай қамтамасыз ету маңызды.

Колледж бітірушілердің кәсіпорындар мен мекемелерде, дер кезінде жұмыс орындарына орналасуы, бәсекеге қабілеттілігі мен кәсіби болуымен қатар,өңірімізге қажетті қосымша мамандықтарға ие деп те айтуға болады.

Осыған байланысты 2019-2020 оқу жылында Жаңатас көпсалалы колледж директорының өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Д.Саримбетова, топ кураторы Г.Оразқұлованың ұйымдастыруымен колледж студенттерімен бірлесе өндірістік орындарға, яғни өздері таңдаған мамандықтарының жұмыс орындарына саяхат жасап, келешектегі жұмыс орындарымен танысып қайтты. Аудандағы ірі кәсіпорындардың бірі «ЕвроХим» ЖШС-не барып, кәсіпорынмен кеңірек танысты.

Студенттерге ЖШС фабрикасының басшысы Нұрлан Кашкинбеков пен «Аралтөбе» учаскесінің өндіріс шебері Дәулет Абдиров «Евро-Хим-Тыңайтқыш» ЖШС-ның мамандарға қажеттілік тапсырмасымен қабылдаған «Минералогиялық талдау зертханашысы» туралы таңдаған мамандықтарының қызықты да әрі жүйелі екендігін түсіндіріп, қазіргі уақыт заман талабына сай салаға серпін әкелген «ЕвроХим» минералдық-химиялық компаниясының бүгінде жұмысы жүйеленіп, зауыт өндірістік қуаттылығын арттыру үшін жаңа жобаларды қолға ала бастағандығы жөнінде әңгімелеп берді.

Дәмеш Мұқанқызы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.