A place where you need to follow for what happening in world cup

Әйелмен әлем әдемі

258

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі күні қарсаңында аудан әкімі Жарылқасын Айтақов өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып жүрген нәзікжандылармен кездесті. Ж.Әбдіғапарұлы аудандағы маңызды салалардың басы-қасында қыз-келіншектердің жүргенін айрықша атап, әйелдер қауымына өз ризашылығын білдірді.

— Бүгінгі кездесуге көпбалалы аналар, мұғалімдер, құқық қорғау саласында еңбек етіп жүрген құрметті қыз-келіншектер, аяулы арулар жиналып отыр. Аудандағы барлық жетістіктерге әрқайсыларыңыздың қосқан үлестеріңіз зор, — деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, аудандық мәслихат хатшысы Ержан Өмірәлиев ел өмірінде әйелдердің ерекше рөл атқаратынына тоқталып, жас ұрпақтың санасына адамгершілік құндылықтарды сіңірудің қажеттелігін тілге тиек етті. Басқосуда жас ақын Жібек Теңізбаева өз арнауын оқыса, ҚР Мәдениет қайраткері, ауданымыздың Құрметті азаматы Бақыт Исаева аудан әкіміне алғысын айтып, аруларға арналған өлең шумақтарын оқып берді. Кездесу соңында аудан басшысы қыз-келіншектерге гүл шоқтарын сыйлап, сый-сияпатын табыс етті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.