A place where you need to follow for what happening in world cup

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСУДА

102
Ханчжоудағы Азия ойындарында еліміздің атынан сынға түскен спортшыларымыз бүгінгі таңда 3 алтын, 3 күміс, 16 қола медальді жеңіп алды.
Қазақстан командасының құрамында Дулати университетінің 3 студенті бақтарын сынауда. WTF Таеквондо бойынша бақ сынаған Азиза Караджанова мен еркін күрестен сынға түскен Мұхтар Санжарға сәттілік сәл жетіспей, жарыс жолынан шығып қалды.
Ауыр атлетикадан сынға түсетін Айнұр Абдықалықова алдағы күнде өз өнерін көрсетеді.
Спортшымызға сәттілік тілейміз. Жарысқа қатысып, бағын сынау үлкен ерлік әрі жауапкершілік. Спорт жолында жеңіс серігің болып, жанкүйерлеріңді қуантатын көрсеткішке жетуіңе тілектеспіз!
Айта кетейік, оқу ордамыздың бірнеше түлегі аламан додада еліміздің атынан жарысқа қатысуда. Азия ойындарының ашылу салтанатында еліміздің көк байрағын Дулати университетінің түлегі, бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов алып шыққан болатын.
23 қыркүйекте басталған Азияда ойындары 8 қазанға дейін жалғасады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.