A place where you need to follow for what happening in world cup

Чилиде алып шұңқыр пайда болды

142

Чилиде Алькапаррос мыс кенішінің жанынан тереңдігі 200, ені 25 метрден асатын алып шұңқыр пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz

Шахта басшылығының айтуынша, жұмысшылар мен жақын жерде тұратын адамдар зардап шекпеген. Ең жақын тұрғын үй шұңқырдан 600 метр қашықтықта орналасқан.

Қазір жергілікті билік бұл шұңқырды зерттеу үшін Ұлттық геологиялық қызмет мамандарын жіберген. Әзірге қызметкерлер жердегі шұңқырдың пайда болуы шахталардағы тау-кен жұмыстарымен байланысты деп болжауда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.