A place where you need to follow for what happening in world cup

Бюджет қаржысы игерілуі тиіс

160

       Апта басында аудан әкімі Мәден Мұсаевтың төрағалығымен аудан әкімі аппаратының кезекті отырысына аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауыл, ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары қатысты.

     Отырыста «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 2020 жылы ауданда жоспарланған қаржылардың игерілуі туралы», «Қазан айындағы жоспардағы қаржылардың игерілу барысы туралы», «Ауылдық округ, ауыл әкімдерінің жергілікті бюджеттерінің түсімі туралы» аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Таңат Әділбаев хабарлама жасады. Ал «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері туралы» аудандық  орталық аурухананың бас дәрігері Жайдар Әйтішев, «Сайлау мәселелері бойынша дайындық барысы туралы» аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сержан Садуақасов жиналғандарды хабардар етті.

        Хабарламалар бойынша ауданда атқарылып жатқан жақсы істердің барлығы белгілі болды. Дегенмен қазан айында 23 млн. теңге игерілмей қалу қауіпі бар. Бұл Қылышбай ауылындағы ауыз су жүйесі, Биназар ауылындағы шағын футбол алаңшасы, Абай мектебінің сыртқы қоршау жұмыстарына тиесілі болмақ. Көптеген ауыл, ауылдық округтерде жер, мүлік, көлік салығын жинауда жайбасарлық басым болып отыр. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруда да кемшіліктер бар.

       Аудан әкімі М.Мұсаев аудандағы бюджет қаржысының 9 айда игерілуі жақсы болғанымен қазан айында да  бюждет қаржысын толықтай игеру қажеттігін баса айтты. Оған уақытта, мүмкіндікте бар екеніне тоқталды. Сондай-ақ ауыл, ауылдық округ әкімдеріне жер, мүлік, көлік салығын уақытылы  жинау, әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмысын халыққа жан-жақты түсіндіруді тапсырды. Елдің обалына қалмау керектігін ескертті. Бұл үшін жұмыссыздар ай сайын 1326 теңге төлеп отыруы керектігі айтылды. Төлемесе дәрігерге ақылы көрінетіндері сөз болды. Сондай-ақ алдағы мәжіліс пен жергілікті  мәслихаттардың  сайлауына тас түйін дайындықпен келу керектігін атап өтті. Бұл ретте ауылдардағы сайлаушыларды анықтау, олардың құжаттарын заңдастыру керектігіне баса көңіл бөлінді.

         -Бүгінгі айтылып отырған мәселелердің барлығы да маңызды. Міне сондықтанда біз бұл мәселелерге әр апта сайын қайырылып отырамыз. Ал мұны уақытылы орындамаған ауыл, ауылдық округ әкімдерінің жауапкершіліктері қаралатын болады,- деді қорытынды сөзінде аудан басшысы Мәден Тоқтарбайұлы.

       Отырыста коронавирус індетіне байланысты сақтық шараларының сақталмай отырғандығы айтылды. Осыған байланысты  ауылдардағы, сондай-ақ аудан орталығындағы 3 мониторингтік топтардың жұмысы қатты сынға алынды. Олар кейінгі апталарда ешқандай хаттамалар толтырмаған.

      Аудан әкімі М.Мұсаев бұл жұмысқа да бейжай қарауға болмайтынын қатаң ескертіп, тиісті азаматтарға нақты тапсырмалар берді.

Сүндетулла ӘБІЛОВ,

Мойынқұм ауданы.

Суретті түсірген А.Әлтай.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.