A place where you need to follow for what happening in world cup

Аткарылып жатқан жұмыстар ауқымды

123

Мойынқұм аудандық денсаулық сақтау саласында КВИ-ге қарсы іс-шаралар жалғасуда. Ауруханада барлық бөлімдер қорғаныш костюмдерімен қамтылған, жұмыс қызметтерін атқаруда. Ауруханада 2 фильтр, онда 2 дәрігер, 2 орта буын медицина қызметкері қабылдау жүргізеді. Онымен қосымша қабылдау бөлімінде жедел келген науқастарға және науқастану көбейген жағдайда осы 3 жақты қабылдау дәрігерлермен қамтылып, ұйымдастырылған. Бұл дегеніміз науқастастардың кезекте тұрып қалуын жояды.

Инфекциялық бөлімінен 30 төсектік провизорлық стационар ашылып, барлық дене қызуы көтерілген, өкпе қабынуы байқалған науқастарды тексеру және ем жүргізу мақсатында арнайы қорғаныш киімдерін қатаң сақтай отырып, медицина қызметкерлерін жұмысын қадағалау күшейтілді. Мойынқұм аудандық ауруханасының жоспарлы медициналық тексерулер қатаң тоқтатылып, санитарлық талаптарды күшейту туралы жұмыстары жүргізілді, қызметкерлер қорғаныш костюмдерін кию арқылы қызметтерін атқаруға барлық мүмкіндіктер жасалынған. Сырттан жатқан науқастарға туыстарын кіргізбеу үйымдастырылды.

        Мойынқұм орталық ауруханасы тарапынан осы індеттің алдын алу және дер кезінде көмек көрсету, диспансерлік есепте тұрған азаматтарымызды, 0 жастан 5 жас аралығындағы балаларды, жүкті әйелдерді, телефон шалу арқылы бақылау қандайда бір денсаулығына байланысты ауытқулар болған жағдайда үйге барып, көмек көрсету үшін 5 мобильді топ құрылған,санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілген.

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың емхана тарапынан берілетін  тегін дәрі-дәрмектерін  осы мобильді топ үйлеріне  жеткізіп береді.

Егерде, дене қызуы қатты көтеріліп, оған қосымша бас ауруы, ентігу, құрғақ жөтел, жалпы әлсіздік, іштің жиі өтуі байқалған жағдайда «103»ке қоңырау шалу арқылы үйге жедел жәрдем шақырады.  «103»ке хабарласа алмаған жағдайда аурухананың қабылдау бөліміндегі  кезекші қызметкерлермен 2-11-95 телефоны арқылы  хабарласа отырып, көмек ала алады.

Аудандық ауруханада  халыққа дәрігерлік кеңес  беру орталығы құрылып, медицина қызметкерлері:  дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-18.00 аралығында,  5-02-43 телефон арқылы  кеңес береді.

Кешкі 18.00- таңертеңгі 09.00 аралығында, сенбі, жексенбі күндері  24 сағат инфекционист дәрігерлер Тлешева Л.Я- 87471976191, Қасымходжаева Ш.Ю-87754308338, емші дәрігер: Иманқұлова А.А-87753497133, бала дәрігерлері Мұқашева М.С- 87766646952, Н.Тоқпаевалар   87772824133,  2-11-95 телефоны  арқылы кеңес береді.

      Аудандық орталық ауруханада дәрі-дәрмек қоры 25-30 күнге жеткілікті. Стандарттық емге сәйкес вирусқа қарсы препараттар тапшылығы бар дистрибитюрлермен сөйлесіп, тапсырыс берілген. Қызметкерлерге қорғаныс костьюмдері бірреттік -2000, көпреттік-189, оның 90-ы бүгінгі таңда қызметкерлер пайдалануда. Бір реттік маска 14700, оның күнделікті қолданысқа кететіні 600 дана, 8000 маскаға тапсырыс беріліп қойған. FFP-2 арнайы маска 1640дана, N95 маска 1624 дана, бірреттік перчатка 2400дана, қол жуатын антисептик 73 литр, дезсредства 56500таб, 83флакон, 140 порошок түрінде бар. Ауруханада 30 провизорлық төсекте күнделікті 28 адам емделуде. ПТР қорытындысы келген жағдайда теріс мәнді науқастарды терапия бөліміне ауыстыру арқылы емін жалғастырады, ал оң мәнде болған жағдайда «103» арнайы көлігімен Тараз қаласындағы инфекциялық бөлімге ауыстырылады. Осы провизорлық төсекте ауданымыз бойынша 4 адам өкпе қабынуынан қайтыс болып, 1 адам жедел жәрдем қызметкерлерінің алдында қаза болған.

Ауруханаға қосымша гуманитарлық көмек ретінде 17.07.2020ж бірреттік N95 маска 100 дана, бірреттік перчатка 1100дана, бірреттік үшқабатты маска 1970дана, медициналық қорғаныш көзәйнегі 185 дана, термометр (бесконтактный) 2 дана  келді. НПП  «Атамекен», «Зерде», «Қонаев» қорынан 554532 мың теңгеге КВИге қарсы емделетін дәрі-дәрмектер (антибиотики, противовирусные, жаро понижающие, шприцы, спиртовые салфетки, растворы) жеткізілді.

Ауданымызда спонсорлық көмекпен медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді. Реанимация бөлімшесіне Мыңарал цемент зауытының демеушілігімен 2 функционалдық төсек (құны-2 102 000,0тг), Инфузамат компакт плюс, П ерфузор компакт плюс жеткізілді.

ТОО «Орг строй» демеушілігімен 20 дана пульсоксиметр (құны 460 мың тг) сатып алынды. 5 дана- Кислородный концентратор демеушіліктердің көмегімен алынды. Оның (2-уін «Даулет» қайырымдылық  қоры, 2-уін ТОО Достар, 1-уін «Шұғыла») сатып әперді. Ауыл кәсіпкерлері кір жуғыш машина мен 50 төсектік комплектіні сыйға тартты.  Осындай індет кезінде өз еліне, өз халқына патриоттық сезіммен көмек көрсеткендері үшін оларға  алғысымыз шексіз.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.